Апта дәйексөзі “Әділдік пен жауапкершілік бір тұтас ұғым!”
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 1-09-2020, 16:47, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 987

Колледждің міндеті – еңбек нарығының талаптары мен республиканың индустриалдық-инновациялық тапсырмаларына сәйкес келетін ғылыми-техникалық үдерісті дамыту жағдайында жоғары сапалы және бәскеге қабілетті мамандарды даярлау.

Колледждің көрінісі жоғары білікті, бәскеге қабілетті, аймақтың және еліміздің өндірістік салаларына қажетті кадрларды даярлау.

Колледж адамзат пен әлемдік қауымдастық дамуының қазіргі үрдістеріне сәйкес келетін, Қазақстанның ұлттық экономикасының игілігіне қажетті бәскеге қабілетті білім мен дағдыларды оқушыларға лайықты түрде ұсынатын облыстағы жетекші оқу мекемесі болуға ұмтылады.

Колледждің тапсырмасы ғылыми-техникалық үдерістің даму жағдайында еңбек нарығының қажеттіліктері мен республиканың индустриалдық-инновациялық дамуына сәйкес келетін жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

Стратегиялық мақсаты: ұлттық экономиканың экономикалық өсуін қамтамасыз ететін жоғары технологиялық және ғылымды қажет ететін өндірісті енгізу жағдайында еңбек нарығының ағымдық әрі болашақтық қажеттіліктеріне сәйкес келетін жоғары білікті кадрларды даярлау бойынша жетекші білім беру ұйымы болу.   

 

Жаңалық қосты admin1, 1-09-2020, 14:30, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 540

 

Еліміздің Конституциясына 25 жыл

 

Осы жылы елімізде айтулы мерекелер көп соның бірі және бірегейі бас заңымыз Конституцияға биыл 25 жыл толып отыр. Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып осы Конституцияны қабылдаған елміз сондықтан Конституцияны құрметтеу оны ұлықтау біздің басты парызымыз. Қазақ елінде заң үстемдігін орнатамыз десек ең алдымен Конституцияны және осыған негізлелген барлық заңдармен өзгеде құқықтық актілерді бұлжытпай орындап сақтай білуіміз керек.

Жаңалық қосты admin1, 1-09-2020, 12:30, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 450