"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 27-08-2018, 09:43, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 947

 

    Студенттік жатақханаларды бөлу барысының ашықтығын қамтамасыз ету және жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті Арнайы мониторингтік топтарының мүшелерімен бірлесіп қоғамдық бақылау жүргізуде.

    Студенттік жатақханадан орын алу барысында жемқорлық көріністерінің фактілері орын алған жағдайда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментіне жүгінуге болады.

    Департаменттің мекен-жайы: Павлодар қаласы Жеңіс алаңы 5А, сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасы, 4 қабат, 407 кабинет, байланыс телефондары 20-86-33, 20-85-60, WhatsApp-желісі 8 747 404 1424.