Апта дәйексөзі “Әділдік пен жауапкершілік бір тұтас ұғым!”
Жаңалықты сұрыптау керек: күні байынша | танымалдығы бойынша | кіргені бойынша | пікірі бойынша | Әліппе бойынша
Жаңалық қосты admin1, 21-12-2017, 11:57, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1109

8 желтоқсанда Жастардың бастамасын дамыту орталығында облыстық «Айбын» әскери-ұлтжандылық әндері байқауының іріктеу кезеңі болды. Сайысқа облысымыздың барлық қалалары мен аудандарынан дарынды жастар қатысты, оның ішінде біздің Павлодар машина жасау колледжінің студенттері ЛП 17-9-1т. Өмірбек Толқын мен ТМ 17-11-1т. оқушысы Мақсұтов Дарын да бар. Байқаудың мақсаты жастарды Отанға деген ұлтжандылыққа және сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Ұзақ талқылаудан кейін әділ-қазылар 30 қатысушыдан 12 межеге жеткендерді іріктеп алды, оның ішінде біздің студенттер Өмірбек Толқын мен Мақсұтов Дарын да іріктеу кезеңінен өтті. Олар  Жастардың бастамасын дамыту орталығында 13 желтоқсанда өткізілген «Айбын» әскери-ұлтжандылық әндерінің гала-концертінде өнер көрсетті. Байқаудың қорытындысы бойынша Өмірбек Толқын «Үлкен орындау мәдениетін көрсеткені үшін» ал Мақсұтов Дарын «Үздік ұлтжандылық ән» дипломдарымен марапатталды.