"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 13-12-2017, 11:37, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1234

       Дәстүр бойынша жыл сайын біздің колледжде «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы өткізіледі. 2017 жылы 13 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында музыкалық колледжде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Бірге болсақ мықтымыз!» шығармашылық фестивалі өткізілді.Біздің колледждің оқытушылары «Саңырау және нашар еститін балаларға арналған №1 арнайы түзету мектеп-интернатының» балаларына қажетті оқу құралдарын, канцеляралық тауарлар, қолдан жасауға арналған материалдар мен үстелдік дамытушылық ойындарды алып берді. Тәрбие жұмысының мақсатында біздің колледждің студенттері сыйлықтарды алып барып, мүмкіндігі шектеулі балалардың дайындаған концертін тамашалады. Фестиваль жарқын мерекелік көңіл-күйде өтті, онда жағымды әсерлер, жаңа таңданыстар мен қайырымдылық сөздер көп болды. «Жақсылық жасау – өте қарапайым іс!»