|
|
| | РУС |
|
|
2013 жыл 11 қазанда Павлодар қаласында колледждер арасында тоғызқұмалақтан 13-ші облыстық спартакиада өтті. Бұл жарыста Павлодар машина жасау колледжінің ұлдар командасы 7-шы орынды, қыздар командасы 4 орынды иеленді.
2013 жыл 3 қазанда Павлодар қаласында колледждер арасында жеңіл атлетикалық кросстан 13-ші облыстық спартакиада өтті. Бұл жарыста Павлодар машина жасау колледжінің ұлдар командасы 12-шы орынды иеленді
Объявление. Вниманию родителей! 25 октября 2013 года в 18-00 состоится родительское собрание. Приглашаем всех родителей. Для первого курса общеколледжное родительское собрание. (актовый зал)
Повестка дня: Знакомство с Уставом колледжа - директор колледжа К.Каирбаев.
Курение и статистика – врач – нарколог Чебатарев В.А.
Профилактика правонарушений среди несовершеннолетних. - Инспектор ГЮП.ТургульдиновЖ.А.
- Профилактика семейного неблагополучия, стрессовых и суицидальных настроений подростков. Психолог.
Разные.
Для 2 и 3 курса по теме: - Как не попасть в секту.
- Защита прав детей и укрепление семьи.
Итоги успеваемости и посещаемости за 1 курс. (Отв. Классные руководители.)
Для 4 курса. Анализ успеваемости и выход на дипломный проект.
Подготовка к НОК.
Прохождение преддипломной практики и предварительное трудоустройство. (Отв. Классные руководители.)
Жастар арасында дұрыс тамақтану мен шынығу белсенділігін үгіттеу мақсатында 2013 жылы 5 қазанда Павлодар машина жасау колледжінің «Дәрумендер» командасы облыстық «Дұрыс тамақтану – сымбаттылық пен жастықтың белгісі» байқауына қатысты. Команда өз өнерлерін көрсету барысында дұрыс тамақтанудың құпияларын ашып, сахналық көріністерде өздерінің әртістік қабілеттерін көрсете білді. Әділ-қазылар біздің команданың өнерін жоғары бағалап, «Дәрумендер» командасы 2-ші орын мен «Сымбаттылық пен денсаулық грациясы» жүлдесін жеңіп алды.
2013ж. 19 маусымда ҚМКК «Павлодар машина жасау колледждінің» белсенді студенттері конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Экстремизм мен терроризмге жол жоқ!» флеш-мобына қатысты. Іс-шара барысында студенттер қала тұрғындарына акция буклеттерін таратып, жағажайда «Экстремизм мен терроризмге жол жоқ!» деген ұранмен аспанға ақ және қара түсті шарларды ұшырды.
14.05.2013ж. колледжде 1-ші курс оқушыларының арасында акция өтті: ТЕМЕКІ ШЕГУ НЕМЕСЕ ДЕНСАУЛЫҚ? ТАҢДАУ ӨЗ ҚОЛЫҢДА! Темекі шегу: 90% өкпе қатерлі ісігін; 75% кеңірдек-өкпе ауруларын; 25% жүрек-қантамыр ауруларын тудыратын басты себеп болып табылады. Егер де сіз темекі шегуді тастасаңыз: - 20 минуттан кейін қан қысымы қалыпты жағдайға келеді; - 8 сағаттан кейін қандағы никотин мен зиянды газ жартылай төмендейді, оттегі деңгейі қалыпты жағдайға келеді; - 24 сағаттан кейін зиянды газ ағзадан толық шығады; - 48 сағаттан кейін иіс сезу қабілеті жақсарады; - 72 сағаттан кейін өзін-өзі жақсы сезінеді; - 2-12 аптадан кейін қан айналымы жақсарады; - 1 жылдан кейін миокарда инфаркт қаупі 50%-ға төмендейді; - 5 жылдан кейін өкпенің, ауыз қуысының, кеңірдектің, өңештің қатерлі ісік ауруларына ұшырауы 2 есеге дейін азаяды.
ДЕНСАУЛЫҚТЫ ТАҢДАҢЫЗ! 19.05.2013ж. колледж оқушылары Халықаралық ЖИТС-тан қайтыс болғандарды еске алу күні аясында облыстық ЖИТС орталығы мен үкіметтік емес ұйымдардың ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай өткізген акциясына қатысты. Акцияның өткізілген жері: қалалық мәдени және демалыс саябағы.
Маусым – Өткір ішек жұқпалы ауруларының алдын алу ![]() ![]()
Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция 2013жылғы 14 мамырда ағылшын тілінің оқытушысы Хамитова А.С. «Шетел тілді оқыту барысында коммуникативтік әдісінің элементтері» баяндасымен С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінде өткен « Тіл кедергісі жоқ білім және ғылым» халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясына қатысты. Анара Сағадатовнаға белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хат» табыс етілді.
2013 жылғы 14 мамырда ЛП-10-9-1тобыны оқушысы Досмақов Өжет және СТР-12-11-2 тобының оқушысы Көкішева Алтыншаш ИнЕУ колледжінде өткен ТжКО жүйесіндегі оқу орындарының арасында экономикалық және техникалық мамандықтар бойынша кәсіби қазақ тілінен II облыстық олимпиадаға қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша оқушылар II дәрежелі орынды иеленіп,жеңімпаздар атанып. Олар диплом, сертификат және құнды сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздар мен олардың оқытушыларын Күлжібаева Г.Т. және Баймағамбетова М.Қ. құттықтап, болашақта жетістіктерге жете берулеріне тілектеспіз!
Адамгершілік-эстетикалық сапаларды қалыптастыру, отбасының құндылықтарын үгіттеу, әйелдердің тең дәрежеде мемлекеттік және қоғамдық өмірге араласуын көрсету әрі салауатты өмір салтын үгіттеу мақсатында машина жасау колледжінде «Әйел отбасының және мемлекеттің тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өткіздік. Президент Н.Ә. Назарбаевтың «2050 стратегиясы» атты Қазақстан халқына жолдауындағы сөздерді негізге ала отырып, директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Ф.М. Акишева сөз сөйледі. Дөңгелек үстелге қатысушылар – колледждің студент қыздары, оқытушылар мен арнайы шақырылған қонақтар болды. Өз кезегінде сөз алған қонақтар: Павлодар қ. ІІБ аға инспекторы, полиция майоры А.Т. Қасымова әйелдерді зорлықтан қорғау жөніндегі полиция бөлімшесі өз қызметін адамның жеке тұлғасының еркінділігі мен конституциялық құқықтарды, заңдылықтарды және жариялылықты сақтау негізінде құрылғандығын айтты.
![]() |