|
| | РУС |
|
2014 жылы 1 наурызда Павлодар мамандандырылған колледжінде «Қазіргі білім беруді, экономиканы және құқықты дамытудың үдерістері мен болашағы» атты облыстық колледжаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. Конференцияға «Павлодар аймағы тұрғындарының экономикалық құқықтарды сақтауы» баяндамасымен ТОТ 12-11-1 тобындағы 3-ші курс оқушылары Дакуов Руслан, Базавод Сергей (ғылыми жетекші Смекенова Қ.Қ.) және «Яснополяна мектебі және Л.Н. Толстойдың педагогикалық қызметі» баяндамасымен ТМ 13-9-2 тобындағы 1-ші курс оқушысы Сәрсенов Рахат (ғылыми жетекші Хаирова Л.А.) қатысты.
2014ж. 25 ақпанда Павлодар музыкалық колледжінде «Ленинградтың фашист басқыншыларынан азат етілгеніне 70 жыл» тақырыбында колледж оқушыларының арасында мәнерлеп оқудан облыстық байқау өткізілді. Байқауда колледжіміздің 1-ші курс оқушылары Саворовская Алена мен Тасыбай Айдос 3-ші орын алды.
Колледж студенттері облыстық ғылыми- прктиқалық конференцияға қатысты, конференция Павлодар политехниқалық колледжінің базасында өтті 2014 жылдың 14 ақпанында. Конференцияға келесі студенттер қатысты: олар Оспантаева Индира ЭЭЖ-12-9-1 тобының студенті «Қазақтың ұлттық ойындары» атты баяндамамен, Индира «Спорт жанашыры» атты номинацияға ие болды (жетекшісі Кожиков А.К ) , Трибус Галина ЛП-13-9-1 тобының студенті «Қөс сөздердің кұпиясы» атты баяндамамен (жетекшісі Мубаракова Н.Ж) ,Саворовская Алена ТМ 13-9-1 тобының студенті : «Дұрыс көпбұрыштар» атты баяндамамен ( жетекшісі Жанкаринова Ж.Т), Касенова Акмарал СМС 12-9-1 тобының студенті «30 жылдарындағы Павлодар өніріндегі ашаршылық» атты баяндамамен ( руководитель Ахметова З.Ж).Барлық қатусышыларға сертификаттар табысталды, және студентерді дайындаған үшін жетекшілері грамоталармен марапатталды
2014 жылдың 16 қантарында кезекті жас оқытушылар мектебінің отырысы өтті, ол отырыста оқытушы Смагулова А.К «Курстық және дипломдық жобаларды ұйымдастыру жұмысы» атты баяндама оқыды, әдіскер Тлеугазиева Д.Т өз сабағын талдау түрлерімен таныстырды, психолог Хаирова Л.А жас оқытушылармен тренинг өткізді, проблемалық жағдайды талдау мақсатымен.
2014 жылдың 13 қантарынан бастап 24 қантарға дейін колледж ішінде Калимова С.С директордың информатиқалық технологиялар бойынша орынбасары колледж оқытушылары үшін «Информатиқалық коммуникациялық технологиялар » атты курстар өткізді, олар бейне үзінді жасауды және Microsoft Excel, ActivInspire, AutoCad бағдарламаларында жұмыс істеуді үйренді.
2013 жылдың 26 желтоқсанында орыс тілі және орыс әдебиеті оқытушы Хаирова Л.А машина жасау колледжінде «Нам не дано предугадать» атты әдеби- музыкалы композициясын өткізді , белгілі орыс ақын Федор Иванович Тютчевтың өмірбаянымен шығармашылыгына арналған. Студентердің назарына ұсынылды Тютчевтың шығармашылығы бойынша презентация, мәлімдеме, ақпарат, және музықалық – романстар, Тютчевтың сөздеріне жазылған өлендер , және басқада Тютчевтың өмірінде болған өте қызықты оқиғалар.
2013 жылы 27 желтоқсанда колледждің мәжіліс залында 1 курс студенттеріне арналған «Біздің көңілді Жаңа жыл» атты жаңа жылдық іс-шарасы өткізілді. Мереке өте көнілді және қызықты өтті. Барлық оқушылар сайыстарға және сұрақ-жауаптарға белсене қатысып, жаға жылдық әндер орындады. Іс-шарада жетім-оқушылар назардан тыс қалмады, осы күні колледждің директоры олардың әр қайсысын жаңа жылмен құттықтап сыйлықтар табыстады.
Халықтың мәдени құндылығын меңгерту, ҚР рәміздеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, оқушылардың өз мемлекеті туралы білімдерін кеңейту мен жүйелендіру арқылы қазақстандық ұлтжандылықты қалыптастыру мақсатында ҚР Тәуелсіздігіне арналған онкүндік өткіздік.
Онкүндік ҚР Ән-ұранын білу мен оны дұрыс орындау мақсатында бірінші курс оқушыларының арасында байқау өткізумен 2013 жылы 14 қарашада басталды. Бұл байқауда ТМ 13-9-2 тобы жеңіске жетті.
2013 жылы 4-5 желтоқсан аралығында колледждің жастар комитеті «Менің Қазақстаным» интеллектуалдық марафонын ұйымдастырды. Ол екі кезеңде өткізілді. ТМ 13-9-1 тобы өз мемлекетінің тарихын үздік білушілері болып атанды
10-шы желтоқсанда барлық курстарда «Мен тәуелсіз мемлекеттік азаматымын» тақырыбына арналған сынып сағаты өткізілді және онкүндік 13-ші желтоқсанда «Тәуелсіздік – елдің ерлік жолы» мерекелік концертімен аяқталды.
23.05.2013ж. колледжде талапкерлерге арналған ашық есік күні өтті.
Әдістемелік семинар 2013 жылдың 19 желтоқсан күні колледжде «Оқу-өндірістік және кәсіби білім беруді жаңартудың өзекті мәселері» атты тақырыпта әдістемелік семинар өтті, жоғарыда айтылған тақырып бойынша колледж оқушылары курстан өтті. Оқытушыларға қазақ тілі және әдебиет оқытушысы Мубаракова Н.Ж. «Бенджамин Блум таксономиясының білім беру мақсаттары» , тарих пәнінің оқытушысы Шушпаева Б.Ш. «Орта білім беру пәндер сабақтарында компетенция дамытуға бағытталған тапсырмалары », ағылшын тілінің оқытушысы Хамитова А.С. «Сын тұрғысынан оқушыларды жазу және оқу арқылы оқыту» атты баяндамалар ұсынды.Баяндамашылар сонымен бірге оқытушыларға практиқалық тапсырмаларды ұсынды, таксономия бойынша сұрақтар дайындау, компетенция дамытуға арналган сапасы жөғары сұрақтар дайындау, және сабақта қолдануға болатын «Тапсырма сұрақтары», «Сәйкестіктер» әдістер ұсынылды.
Жиырма бесінші ақпанда психолог Л.А. Хаировамен «Есірткі – өмірдің соңы» атты сынып сағаты өткізілді. Оқушылар «Есірткілер туралы біздің шындығымыз» және «Жертөлелер» бейнероликтерін көріп оны талқылады. Студенттер топтармен жұмыс істеп, «Есірткі – аңыз бен шындық» пікірталасына белсенді түрде қатысы. Шара соңында оқушылар нақылдарды талқылады.
19.03.2014 ж. психолог Л.А. Хаировамен 2-ші курс оқушыларына «Табыстың құпиялары» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. «Мен балалық шақтанмын», «Табыс формуласы» жаттығулары өткізілді. Оқушылар топтармен жұмыс істеп, табыс түсінігінің негізін құрастырды, кестеге табысты адамды және оның табысқа жету әрекеттерін жазды.
2014ж. жиырма жетінші ақпанда Л.А. Хаировамен 3-ші курстың оқушыларына арналған «Адам өміріндегі ерік-жігер мінез-құлқының сапалық рөлі» психологиялық сынып сағаты өткізілді. Психологпен «Белгілі сылтаулар» жаттығуларын өткізілді. Оқушылар Николай Заболоцкийдің «Не позволяй душе лениться» өлеңін жатқа оқып, сұрақтарға жауап берді. Психолог тестілеу жүргізіп, оқушылар өздерінің ерік-жігерінің даму деңгейін бағалады.
2014ж. төртінші ақпанында психолог Л.А. Хаирова 2-ші курс студенттеріне «Нақтылы және виртуалды өмір» атты сынып сағатын өткізді. Оқушылар сынып сағатының бойына белсенді жұмыс істеп, сұрақтарға жауап берді, карточкалармен жұмыс істеді әрі қызықты хабарлар дайындады. ЛП 12-9-1 тобының студенттері Маканова Дидар мен Исатаева Саида «Компьютердің адамға әсері» және «Компьютер жау ма? әлде көмекші ме?» атты таныстырулар дайындады. Психолог интернеттік желіде өз уақыттарының көбін өткізетін оқушыларға кеңестер берді.
Жасөспірімдердің ширығуы: себептері Ширығу көбінде үлкендердің мәселесі болып табылады, бірақ жасөспірімдік жаста да көптеген себептер психологиялық күйге әсер етуі мүмкін. Оқу, спорт және достық қарым-қатынастар – мұның барлығы да жасөспірімнің ширығу себептерін туғызуы мүмкін. Жасөспірімдердің ширығуы — үлкендердікі сияқты қалыпты құбылыс. Сонымен қатар ол үлкендердікі сияқты із-түзсіз кетіп, немесе күйгелектікке, күйзеліске, өз-өзіне қол жұмсау жағдайларына дейін әкелуі мүмкін. Үлкендер жасөспірімдердің ширығуына қандай жағдайлар әсер ететіндігін біле отырып, уақытында көмекке келе алады және өзінің қолдауы мен мәселені шешу жодарын ұсынуға көмек қолын созады.
Жасөспірімдердің академиялық ширығуы – кең таралған ширығулардың бірі болып табылады. Ол оқушылардың, ата-аналардың және тіпті өзінің жеке жоғары күтулерінен пайда болатын қысымдардан болады. Баладан белгілі бір мінез-құлықты, жоғары бағаларды, спорттағы табысты немесе қандайда бір мектептен, колледжден тыс бірлестіктердегі көшбасшылықты, әр түрлі мәртебелі іс-шараларға қатысуды күтеді. Көбінесе жасөспірімнің жүктемеге шамасы келмейді, демалысқа уақыт таба алмайды және олардың психологиялық жүктемелеріне шаршау мен ұйқысы қанбау себептерінен дене ширығуы қосылады. Жасөспірімдердің өзіндік бәсекеге қабілетсіздігінен қорқу себептерінен пайда болған ширығуы оның жағымсыз әрекеттермен айналысуына немесе есірткімен өзін-өзі сынауды бастауына әсер етуі мүмкін. Жасөспірімдердің ширығуы: өзін өзі таныстыру.
Жасөспірімдік кезең – бала денесінің ерекше өзгеріске ұшырайтын уақыты. Жыныстық жетілу гормоналдық өзгерістерге әкеледі. Осы жағдайда аз ғана идеалды бейнеге сәйкес келмеу, өз-өзінің ыңғайсыздық мәселелері, икемсіздік, қандайда бір мәртебеліліктің болмауы – қайғылы, жасөспірімдерді ширығуға итермелейді. Құрдастары жағынан қысым көру. Жасөспірімдік кезең — көптеген балалардың алкагольдің, есірткінің дәмін тартып көретін, жыныстық қатынасты бастарынан өткізетін уақыты. Отбасылық ережемен жүріп-тұратын тинейджер, құрдастарының жағынан оның «қатал емес», «ботаник» және т.б. қысымшылықты басынан өткізуі мүмкін. Жасөспірімдердің бір немесе бірнеше рет ширығуы және өзінің жағымсыз іс әрекеттерін жақын адамдарынан жасыруы, психологиялық олқылықтар мен өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің басты себебі болуы мүмкін. Отбасылық қарым-қатынас. Өсіп келе жатқан бала өзін тек қана құрдастарының арасында ғана емес, сонымен қатар отбасында өзінің тәуелсіздік шекараларын барлап көреді. Оның мінез-құлқы ата-аналарыныңөз балаларын бақылаудан, оларды қауіпсіз аймақта ұстап тұруға ұмтылуына байланысты жиі түсінбеушілікті тудырады. Жасөспірімдердің ширығуы жиі ата-аналардың оларды түсінбеушілігінен әрі есейіп кетсе де бала ретінде қабылдауынан пайда болады. Романтикалық және достық қарым-қатынас. Ер бала немесе қыз бала жасөспірім кезеңінде алғашқы романтикалық әуестенушілікке тап болады. Алғашқы ұрыстар мен қызғаныштар, бәсекелестік, алғашқы айырылысулар – мұның барлығы да жасөспірімнің ширығу себептерінің бірі болады. Осы уақытта тинейджер өзінің құрдастарымен жаңа қарым-қатынастар құрады, балалық достық жаңа түрге көшуіне байланысты жан-жалдар пайда болуы мүмкін, алайда жасөспірім мұндай жағдайларды бірден жөнге келтіруді үйрене алмауы мүмкін. Жасөспірімдердің ширығуының басқа да көздері. Жасөспірімдердің ширығуына басқа да жағдайлар, атап айтқанда: басқа ауданға,қалаға, елге көшу, басқа мектепке, колледжге ауысуы; Өте тез немесе тым баяу жыныстық жетілуі; Отбасындағы жағдайлар, оның ішінде ата-аналардың араздығы, алкаголь және үйдегі зорлық; Ақшалай қиындықтар; Жоғары дене және интеллектуалдық жүктемелер себеп боуы мүмкін. |