|
| | РУС |
|
23.05.2013ж. колледжде талапкерлерге арналған ашық есік күні өтті.
Әдістемелік семинар 2013 жылдың 19 желтоқсан күні колледжде «Оқу-өндірістік және кәсіби білім беруді жаңартудың өзекті мәселері» атты тақырыпта әдістемелік семинар өтті, жоғарыда айтылған тақырып бойынша колледж оқушылары курстан өтті. Оқытушыларға қазақ тілі және әдебиет оқытушысы Мубаракова Н.Ж. «Бенджамин Блум таксономиясының білім беру мақсаттары» , тарих пәнінің оқытушысы Шушпаева Б.Ш. «Орта білім беру пәндер сабақтарында компетенция дамытуға бағытталған тапсырмалары », ағылшын тілінің оқытушысы Хамитова А.С. «Сын тұрғысынан оқушыларды жазу және оқу арқылы оқыту» атты баяндамалар ұсынды.Баяндамашылар сонымен бірге оқытушыларға практиқалық тапсырмаларды ұсынды, таксономия бойынша сұрақтар дайындау, компетенция дамытуға арналган сапасы жөғары сұрақтар дайындау, және сабақта қолдануға болатын «Тапсырма сұрақтары», «Сәйкестіктер» әдістер ұсынылды.
Жиырма бесінші ақпанда психолог Л.А. Хаировамен «Есірткі – өмірдің соңы» атты сынып сағаты өткізілді. Оқушылар «Есірткілер туралы біздің шындығымыз» және «Жертөлелер» бейнероликтерін көріп оны талқылады. Студенттер топтармен жұмыс істеп, «Есірткі – аңыз бен шындық» пікірталасына белсенді түрде қатысы. Шара соңында оқушылар нақылдарды талқылады.
19.03.2014 ж. психолог Л.А. Хаировамен 2-ші курс оқушыларына «Табыстың құпиялары» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. «Мен балалық шақтанмын», «Табыс формуласы» жаттығулары өткізілді. Оқушылар топтармен жұмыс істеп, табыс түсінігінің негізін құрастырды, кестеге табысты адамды және оның табысқа жету әрекеттерін жазды.
2014ж. жиырма жетінші ақпанда Л.А. Хаировамен 3-ші курстың оқушыларына арналған «Адам өміріндегі ерік-жігер мінез-құлқының сапалық рөлі» психологиялық сынып сағаты өткізілді. Психологпен «Белгілі сылтаулар» жаттығуларын өткізілді. Оқушылар Николай Заболоцкийдің «Не позволяй душе лениться» өлеңін жатқа оқып, сұрақтарға жауап берді. Психолог тестілеу жүргізіп, оқушылар өздерінің ерік-жігерінің даму деңгейін бағалады.
2014ж. төртінші ақпанында психолог Л.А. Хаирова 2-ші курс студенттеріне «Нақтылы және виртуалды өмір» атты сынып сағатын өткізді. Оқушылар сынып сағатының бойына белсенді жұмыс істеп, сұрақтарға жауап берді, карточкалармен жұмыс істеді әрі қызықты хабарлар дайындады. ЛП 12-9-1 тобының студенттері Маканова Дидар мен Исатаева Саида «Компьютердің адамға әсері» және «Компьютер жау ма? әлде көмекші ме?» атты таныстырулар дайындады. Психолог интернеттік желіде өз уақыттарының көбін өткізетін оқушыларға кеңестер берді.
Жасөспірімдердің ширығуы: себептері
Ширығу көбінде үлкендердің мәселесі болып табылады, бірақ жасөспірімдік жаста да көптеген себептер психологиялық күйге әсер етуі мүмкін. Оқу, спорт және достық қарым-қатынастар – мұның барлығы да жасөспірімнің ширығу себептерін туғызуы мүмкін. Жасөспірімдердің ширығуы — үлкендердікі сияқты қалыпты құбылыс. Сонымен қатар ол үлкендердікі сияқты із-түзсіз кетіп, немесе күйгелектікке, күйзеліске, өз-өзіне қол жұмсау жағдайларына дейін әкелуі мүмкін. Үлкендер жасөспірімдердің ширығуына қандай жағдайлар әсер ететіндігін біле отырып, уақытында көмекке келе алады және өзінің қолдауы мен мәселені шешу жодарын ұсынуға көмек қолын созады.
Жасөспірімдердің академиялық ширығуы – кең таралған ширығулардың бірі болып табылады. Ол оқушылардың, ата-аналардың және тіпті өзінің жеке жоғары күтулерінен пайда болатын қысымдардан болады. Баладан белгілі бір мінез-құлықты, жоғары бағаларды, спорттағы табысты немесе қандайда бір мектептен, колледжден тыс бірлестіктердегі көшбасшылықты, әр түрлі мәртебелі іс-шараларға қатысуды күтеді. Көбінесе жасөспірімнің жүктемеге шамасы келмейді, демалысқа уақыт таба алмайды және олардың психологиялық жүктемелеріне шаршау мен ұйқысы қанбау себептерінен дене ширығуы қосылады. Жасөспірімдердің өзіндік бәсекеге қабілетсіздігінен қорқу себептерінен пайда болған ширығуы оның жағымсыз әрекеттермен айналысуына немесе есірткімен өзін-өзі сынауды бастауына әсер етуі мүмкін. Жасөспірімдердің ширығуы: өзін өзі таныстыру.
Жасөспірімдік кезең – бала денесінің ерекше өзгеріске ұшырайтын уақыты. Жыныстық жетілу гормоналдық өзгерістерге әкеледі. Осы жағдайда аз ғана идеалды бейнеге сәйкес келмеу, өз-өзінің ыңғайсыздық мәселелері, икемсіздік, қандайда бір мәртебеліліктің болмауы – қайғылы, жасөспірімдерді ширығуға итермелейді. Құрдастары жағынан қысым көру. Жасөспірімдік кезең — көптеген балалардың алкагольдің, есірткінің дәмін тартып көретін, жыныстық қатынасты бастарынан өткізетін уақыты. Отбасылық ережемен жүріп-тұратын тинейджер, құрдастарының жағынан оның «қатал емес», «ботаник» және т.б. қысымшылықты басынан өткізуі мүмкін. Жасөспірімдердің бір немесе бірнеше рет ширығуы және өзінің жағымсыз іс әрекеттерін жақын адамдарынан жасыруы, психологиялық олқылықтар мен өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің басты себебі болуы мүмкін. Отбасылық қарым-қатынас. Өсіп келе жатқан бала өзін тек қана құрдастарының арасында ғана емес, сонымен қатар отбасында өзінің тәуелсіздік шекараларын барлап көреді. Оның мінез-құлқы ата-аналарыныңөз балаларын бақылаудан, оларды қауіпсіз аймақта ұстап тұруға ұмтылуына байланысты жиі түсінбеушілікті тудырады. Жасөспірімдердің ширығуы жиі ата-аналардың оларды түсінбеушілігінен әрі есейіп кетсе де бала ретінде қабылдауынан пайда болады. Романтикалық және достық қарым-қатынас. Ер бала немесе қыз бала жасөспірім кезеңінде алғашқы романтикалық әуестенушілікке тап болады. Алғашқы ұрыстар мен қызғаныштар, бәсекелестік, алғашқы айырылысулар – мұның барлығы да жасөспірімнің ширығу себептерінің бірі болады. Осы уақытта тинейджер өзінің құрдастарымен жаңа қарым-қатынастар құрады, балалық достық жаңа түрге көшуіне байланысты жан-жалдар пайда болуы мүмкін, алайда жасөспірім мұндай жағдайларды бірден жөнге келтіруді үйрене алмауы мүмкін. Жасөспірімдердің ширығуының басқа да көздері. Жасөспірімдердің ширығуына басқа да жағдайлар, атап айтқанда: басқа ауданға,қалаға, елге көшу, басқа мектепке, колледжге ауысуы; Өте тез немесе тым баяу жыныстық жетілуі; Отбасындағы жағдайлар, оның ішінде ата-аналардың араздығы, алкаголь және үйдегі зорлық; Ақшалай қиындықтар; Жоғары дене және интеллектуалдық жүктемелер себеп боуы мүмкін.
23.11.2013 «Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері бойынша басқармасы» ММ, « Павлодар облысының Қазақстан студенттер Альянсы» ЖБҰ студент жастарының арасында облыстық «ACTIVEGENERATION-2013» арнайы жобалар байқауын өткізді. Біздің ТМ 10-9-1 тобының студенттері Филиппов Владимир, Соколы Евгений, СТР-12-11-2 тобының студенті Лекеров Ерболат іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша байқау жеңімпаздары болды. В. Филиппов пен Е. Соколы «Ауаны тазалаудың тиімді әдістері» жобасымен 1-ші орын алды. Жобаның жетекшісі Ж.Т. Кульшманова, Смекенова К.К.
24.01.2014 облыстық СӨС орталығында біздің колледждің оқушыларына арналған семинар болып өтті. Семинарға СӨС үйірмесінің жетекшісі Ж.Т. Күлшманованың басшылығымен ТМ 13-9-1 тобының 23 оқушысы қатысты. Семинар жоспары. 1. Неке және отбасы дегеніміз не. СӨС орталығының маманы сөз сөйлеп, слайдтар, бейнероликтер көрсетті, оқушылармен әңгімелесті. 2. Репродуктивті денсаулық мәселелері. Дәрігер-гинеколог сөз сөйлеп, репродуктивті денсаулықты сақтау туралы алдын алу әңгімесін жүргізді.
3. Жыныс жолдары арқылы берілетін жұқпалы аурулардың алдын алу. ЖИТС ОО маманы сөз сөйледі. Ол ЖЖАБА-ның берілу жолдары мен олардың алдын алу туралы айтып, тренинг-ойынын өткізді.
5.02.2014 колледждің мәжіліс залында 1-ші курстың оқушыларына «Респираторлық вирусты жұқпалы аурулар» тақырыбы бойынша ақпарат берілді.
Дубровская Таня (ТМ 13-9-1т.) және Саворовская Алена (ТМ 13-9-2т.) аса жұқпалы аурулар, олардың белгілері, симптомдары , емделу мен алдын алу шаралары туралы айтты. Слайдтар көрсетіліп, тұмау эпидемиясының кезіндегі тазалық пен тамақтану мәселелеріне айрықша назар аударды.
5.10.2013ж. «Дұрыс тамақтан, жеңіл өмір сүр!» ұранымен облыстық «СӨС» орталығымен бірлесіп өткізілген республикалық акция аясында машина жасау колледжінің «Дәрумендер» командасы «Дұрыс тамақтану – сұлулық пен жастық үлгісі» облыстық байқауына қатысты. Біздің команда табысты өнер көрсетіп, жалпы балдық есеп бойынша 2-ші орын алды. Байқауға қатысушылар бағалы жүлделермен марапатталды. Колледжде ЖИТС-тің алдын алу бойынша айлық өткізілді. Бір ай бойы төмендегідей іс-шаралар өткізілді: 1. «ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттылық деңгейі» 1-ші курстың оқушыларына сауалнама жүргізу. Нәтижелер көрсеткендей оқушылар осы мәселе бойынша өте жақсы ақпарат алғандықтарын көрсетті. Барлығы да ЖИТС-тің барлық кезеңдерін, оның таралу жолдарын, аурудың белгілерін біледі әрі оның алдын алу мәселелерінен хабардар. ЖИТС жұқпалы ауруымен байланысты: психологиялық, экономикалық, әлеуметтік, білім беру мәселелерін түсіндіре алады. Осы ауруға байланысты тәуекел дәрежесінен, ЖИТС-пен ауыратын адамдарға тиісті дәрежеде көмек қолын созу және дұрыс қарым-қатынас орнату туралы хабардар. 2. 27.11.2013 мәжіліс залында ЖИТС-тің алдын алу мәселелері бойынша акция өткізілді. Тақырыбы: «ЖИТС туралы не білесіз?». СӨС үйірмесінің оқушылары таныстырулар дайындап, қойылған сұрақтарға жауап берді және акцияға қатысушыларға бүктемелер таратты. 3. 28.11.2013. ЖИТС ОО-ның өкілі Ж.Ж. Ажмұратовамен кездесу болды. ЖИТС орталығының маманы ЛП 13-9-1 тобының оқушыларымен «ЖИТС-тің алдын алу және кемсіту мәселелері» тақырыбы бойынша тренинг өткізді. Кездесу қызықты әрі жан-жақты болды. 4. 29.11.2013. «Болашақ» орталығының өкілдерімен кездесу өткізілді. Олар 1-ші курс оқушыларымен семинар-тренинг өткізді. 5. Ай бойы: әңгімелесулер, конференциялар, дөңгелек үстелдер, тренингтер, пікірталастар түрінде топтарда сынып сағаттары өткізілді. Осы іс-шаралардың барлығында да ЖИТС бойынша әр түрлі аспектілер талқыланды. 6. Біздің оқушылар «ЖИТС туралы аңыз бен шындық» тақырыбында қызқаша шығармалар жазу байқауына қатысты. 7. Әр сәрсенбі сайын мәжіліс залында 1-ші курс оқушыларына ЖИТС-тің алдын алу бойынша бейне роликтер көрсетіледі. 8. №502-ші кабинетте «ЖИТС-тің алдын алу» стенді дайындалған
2013 жыл 11 қазанда Павлодар қаласында колледждер арасында тоғызқұмалақтан 13-ші облыстық спартакиада өтті. Бұл жарыста Павлодар машина жасау колледжінің ұлдар командасы 7-шы орынды, қыздар командасы 4 орынды иеленді.
2013 жыл 3 қазанда Павлодар қаласында колледждер арасында жеңіл атлетикалық кросстан 13-ші облыстық спартакиада өтті. Бұл жарыста Павлодар машина жасау колледжінің ұлдар командасы 12-шы орынды иеленді
Объявление. Вниманию родителей! 25 октября 2013 года в 18-00 состоится родительское собрание. Приглашаем всех родителей. Для первого курса общеколледжное родительское собрание. (актовый зал)
Повестка дня: Знакомство с Уставом колледжа - директор колледжа К.Каирбаев.
Курение и статистика – врач – нарколог Чебатарев В.А.
Профилактика правонарушений среди несовершеннолетних. - Инспектор ГЮП.ТургульдиновЖ.А.
- Профилактика семейного неблагополучия, стрессовых и суицидальных настроений подростков. Психолог.
Разные.
Для 2 и 3 курса по теме: - Как не попасть в секту.
- Защита прав детей и укрепление семьи.
Итоги успеваемости и посещаемости за 1 курс. (Отв. Классные руководители.)
Для 4 курса. Анализ успеваемости и выход на дипломный проект.
Подготовка к НОК.
Прохождение преддипломной практики и предварительное трудоустройство. (Отв. Классные руководители.) |