|
| | РУС |
|
Байқау: «ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ ЖӘНЕ МЕНІҢ ОТАНЫМ» СМС 12-9-1 тобының студенті, КМҚК «Павлодар машина жасау колледжі», Павлодар қ., Павлодар облысы. Мусина Жаухари Шинолқызы Шығарма «Көшбасшы жолы» 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Бірінші президенті күні деп саналады. Бұл күннің кездейсоқ таңдалынып алған жоқ, өйткені 1991 жылы 1-ші желтоқсанда Тәуелсіз Қазақстанда жалпы халықтық президент сайлауы өткен болатын. Осы күні біздің президентіміз сайлаушылардың 98,78% дауысын жинады, бұл көрсеткіш біздің Көшбасшыға деген нық сенімділікті көрсетті. Осы азды-көпті 23 жылда біз Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен үлкен белестерден өттік. Мен, біздің перезидентіміздің ең басты қол жеткізген жетістігі еліміздің Егеменділік пен Тәуелсіздікті жариялауы болып табылады деп санаймын. Қазақ халқы ұзақ жылдар бойы өздерінің еркін өмір сүруі үшін күресті, сондықтан бізге осы тарих бөлігінің, біздің тәуелсіз мемлекетіміздің гүлденуі мен көтерілуінің куәгері болудың сәті түсті. Алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін қаншама күш жұмсалды! Бұл Н. Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанды құру жолына үлкен үлес қосқандығын көрсетеді. Біздің көшбасшы өзін шебер саясаткер, беделді басшы, нық және сирек кездесетін қабілетті тұлға ретінде көрсете білді. Миллиондаған қазақстандақытар 20 жылдан астам уақыт ішінде оған бірнеше рет көздері жетіп, өзіне және өзінің болашағына, Отанымыздың болашағы сенімді қолда екендігіне сенді. Семей сынақ алаңының жабылуы туралы Жарлығы тек қана біздің еліміздің азаматтарына ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемге Президентіміздің жоғары дәрежелі адамгершілігін әрі оның бейбіт қоғамға ұмтылуын көрсетті. Біздің Президент қазіргі Қазақстан қоғамындағы бейбітшілік пен келісімді сақтауға аса көңіл бөлуде. Қазақстанның барлық халықтарының бірлігін, адамдар мен әр түрлі конфессиялардың бір біріне деген толерантты қарым-қатынасын президентіміз өзінің басты мақсаттарында атап көрсетеді. Біздің мемлекетіміз көп ұлтты болғандықтан тұрақтылықты, адамдар арасындағы достық пен құрметті сақтау бәрінен жоғары қойылады. Мен екі ұлттың өкілімін, әкем түрік, анам қазақ, біздің барлығымызға Президентіміздің бейбіт бастамалары, оның теқ қана біздің Қазақстанды ғана емес сонымен қатар балрық әлемді бейбітшілікте көруге ұмтылуы жақын. Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – әлемдегі ірі саясаткерлердің бірі, оның атын ғаламдық қауіпсіздікпен және барлық әлемдегі ядролық қарусызданудың бастамасымен байланыстырады. Осы жылдары әлемде көптеген оқиғалар болды, ең өкініштісі оның көбісінің соғыспен аяқталуы, бірақ біздің көшбасшы бейтараптылықты сақтап, осы уақытта адамгершілікке көп көңіл бөліп өзінің халқын бейбіт өмірде өмір сүруін қамтамасыз етті. Әлемдік дағдарыс кезеңінде көптеген мемлекеттер үлкен қаржы қиындықтарына тап болған кезде біздің еліміз Ұлт Көшбасшысының басшылығымен үдерісті тоқтатпай тек қана алға ұмтылды. Қазір Қазақстан гүлденген, жас мемлекет деп есептеледі. Біз әлемнің озық елдерімен бір деңгейде тұрмыз. Оның жарқын көрінісі Қазақстанда «Болашақтың энергиясы» ұранымен өтетін EXPO-2017 көрмесі болып табылады, мұнда бір «шаңырақ» астына өнертапқыштар мен өнер туындылары, ғылым мен техника аясындағы әлемдік жетістіктер жиналады. Халықаралық көрмені өткізу құқығына ие болу – ол Қазақстанның тәуелсіз уақытындағы бұрын соңды болмаған үлкен жетістігі. Менің отбасым Семей облысының Қара-Мырза ауылында тұрады. Онда жастарға арналған клуб, спорттық, бала алаңқайлары салынып, «Түрік-поляна» демалыс орны ұйымдастырылған әрі әр түрлі гүлдердің (қызғалдақ, калла, раушан), шыршаның сұрыптарын өсіруге арналған көшетжай салынған. Орман шаруашылығының директоры С.М. Елемесов көшетжайлар шамасының жаңа технологияларын меңгеру үшін Швецияға барып келді. Бұл дегеніміз шағын ауылдардың сыртта қалмайтындығының көрсеткіші болып табылады. Президент жергілікті ауылдарға және шаруашылықтарға көп көңіл бөледі. Ұлттық валютаны енгізу, Қазақстанды өзінің алтын-алмаз қорымен қамтамасыз ету, индустриалдық-жаңашылдық дамуға бағыттылық, қысқа мерзім ішінде жаңа, заманауй астананы тұрғызу мұның барлығы біздің президентіміздің жеткен жетістіктерінің қысқаша тізімі ғана. Сонымен қатар президенттің бастамасымен қабылданған «Қазақстан 2050» стратегиясына ерекше көңіл бөлгім келеді. Ол негізінен Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған, мұнда президенттің халыққ жолдауы бар. Онда былай деп айтылады: «Біз бірінші рет өз тарихымызда озық шығыс азия мемлекеттерінің тәжірибелерін және біздің көп конфессиялы қоғамымыздың ерекшеліктерін есепке ала отырып батыс демократиясының қағидалары бойынша құрылған тәуелсіз мемлекетті құрдық». Тарих бастаулары, біздің түп тамырымыз кез келген халыққа маңызды, біз болашаққа қарауымыз қажет. Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан қазіргі әлемдік саясатқа маңызды қатысушы әрі жаңа, үлкен саяси салмақты аймақтық ойыншыға айналды. Стратегиялық серіктестік ретінде Батыс және Шығыс елдерінің Қазақстанға деген қызығушылықтары артуда. Мен тек Назарбаев қана Еуразия одағын құру туралы идеясын бірінші болып айтты деп ойлаймын. Мұндай экономикалық одақ еуразия аумағындағы халықтарға үлкен пайда әкеледі. Қазақстанның тарихи табысын Ұлт көшбасшысы айқын көрсетті: «Біз өзіміздің таңдаған қазақстандық даму жолымызбен келеміз. Әлемдік тәжірибені меңгеріп әрі сараптай келе біз эволюциялық жолды таңдадық. Біз ешкімнен ештеңені көшіріп алуға ұмтылмаймыз, керісінше тек қана біздік елімізге және біздің халқымызға қажеттіні ғана істейміз. Бұл біздің қолымыздан келеді». Әлемдік сарапшылар біздің жас Республикамыздың болашағы жарқын болатынына болжам жасайды, олар оны өткізілген экономикалық реформалармен, экономикалық өсіммен, елдің қорымен, ішкі тұрақтылықпен және сыртқы беделмен байланыстырады. Қазақстан Тәуелсіздік алған уақыттан бастап әлемге Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ең құнды байлығы – оның саяси еркіндігі мен таусылмас кемеңгерлігін паш етті. Ол өз мүмкіндігі бойынша ерекше әрі расында да титандық тұлға. Халықтан шыққан ол ғаламдық көлемдегі саяси шыңға жете білді. Біз қазақстандақтар барлық әлемде жалпы мойындалған өз Көшбасшымызды мақтан етеміз. Сөз соңында айтарым саяси көшбасшылық үлгісі, екі онжылдық бойына табысты түрде қарқынды көрсетіп келе жатқа Қазақстан өз халқына және әлемге үдеріс әкелді. Сондықтан біз толықтай негізде бүгінгі күні: Назарбае – бұл Дәуір! деп айта аламыз.
2014 жылы 1-ші қазанда «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы А. Саваровскаяның басшылығымен жастар комитеті Қарттар күніне орай оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, үлкендерге құрметпен қарау мақсатында 1-ші курс оқушыларының еңбек ардагері, алғашқы тың игерушілердің бірі С.Т. Смағұловпен кездесуін ұйымдастырды. 2014 жылы 3-ші қазанда Ұстаздар күніне орай колледждегі ТМ 13-9-1 және ТМ 14-11-1 топтарының оқушыларының күшімен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Бағдарлама өте қызықты әрі әр түрлі жанрда болды. Сонымен қатар Жастар комитеті өзін-өзі басқару күнін ұйымдастырды. 2014 жылы 7-ші қазанда қазақстандық ұлтжандылықты қалыптастыру, ҚР рәміздеріне құрметпен қарау мақсатында 1-ші курс оқушыларының арасында қоғамдық пәндер оқытушысы З.Ж. Ахметованың ұйымдастыруымен «ҚР рәміздері» блиц турнирі өткізілді. Жарыста 1-ші орынды ТОРА 14-9-1 тобы иеленді. Құттықтаймыз! 2014 жылы 24-ші қазанда ГЮП инспекторы, полиция капитаны Ж.А. Тургульдиновтың, «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» дәрісімен В.А. Чебатаревтың, «Нашақорлықтың алдын алу мен оны ерте кезден анықтаудағы ата-аналардың рөлі» дәрісімен колледж психологының қатысуымен жалпы колледждік ата-аналар жиналысы өткізілді. Колледж психологы тренинг өткізіп, отбасындағы сәтсіздік пен жасөспірімдердің өз өзіне қол жұмсаудың алдын алу туралы айтып өтті. Жиналыстың соңында ата-аналардың қойған сұрақтарына жауап бердік.
Павлодар қаласының мәдениет пен тілдерді дамыту бөлімі тілдерді енгізу мен дамыту бағдарламасының аясында 2014 жылы 29-шы қазанда Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында қалалық «Сұлтанмахмұттың қоңыр күзі» байқауын өткізді. Байқауға 2 курстағы ТМ 14-11-1 тобының студенті Сағындық Кәкім қатысып, жүлделі 3-ші орынға ие болды әрі бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Павлодар облысының білім басқармасы және Павлодар облысының салауатты омір салты орталығы бірлесе отырып №2 қалалық ауруханасының мәжіліс залында 26.09.2014 күні «САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ» атты қалалық сайыс өткізді. Осы сайысқа біздің колледж студенті ЛП -13-9-1 тобының оқушысы Трибус Галина қатысып, «ПАРАСАТ АРУЫ» атты номинациясына ие болды.
15.09.2014ж.-21.09.2014ж. аралығындағы БЕЙБІТШІЛІК АПТАЛЫҒЫ Бірінші курс студенттері «Біз бейбітшілікті қалаймыз» тақырыбында қабырға газетін шығарды – осы іс-шараны ұйымдастырушы қоғамдық пәндер оқытушысы Барақбаев С.Т.; Сонымен қатар бірінші курс оқушыларымен Бейбітшілік қорына 2850 (екі мың сегіз жүз елу) теңге сомасында ақшалай қаржы жиналды – ұйымдастырушы қоғамдық пәндер оқытушысы Неғманова Г.Б.; 2014ж. 15-21 қыркүйек аралығында дене тәрбиесінің оқытушысы А.Ғ. Кожиков ҚМКК «Павлодар машина жасау колледжінің» бірінші және жоғары курс студенттерінің арасында Бейбітшілік күніне арналған мини-футболдан жарыс өткізіді. Жарысқа 1 курстың - ТМ 14-9-1, ЛП 14-9-1, ТОРА 14-9-1, 2-4 курстың – ТМ 14-11-1, ТМ 13-9-2, ЛП 13-9-1 және ЭЭЖ 13-9-1 топтарының командалары қатысты. Жарысқа қатысуға жалпы – 49 ер бала жіберілді. Жарыс нәтижелері төмендегідей болды: 1 курстар арасында ТОРА 14-9-1 тобының – «Газ Мяс» командасы 1-ші орынға ие болды, 2-ші орын – ТМ 14-9-1 тобының «REAL TM» командасының, 3-ші орын – ЛП 14-9-1 тобының «Арлан» командасының еншісінде. Жоғары курстар арасында 1-ші орынды ТМ 13-9-2т., 2-ші орынды ЭЭЖ 13-9-1т., 3-ші орынды ТМ 14-11-1т. иеленді. 17.09.2014ж. қоғамдық пәндер оқытушысы З.Ж. Ахметова мен Г.Б. Неғманова екінші курстың: ТМ 13-9-1т., ТМ 13-9-2т., ЛП 13-9-1т. оқушыларының арасында Украинада болған оқиғалар туралы бейнефильмді көрсетуді ұйымдастырып оны талқылады; Апталықты қоғамдық пәндер оқытушысы Б.Ш. Шушпаева бірінші курс оқушыларына арналған «21 қыркүйек Халықаралық бейбітшілік күні» тақырыбындағы ашық іс-шарамен аяқтады. Бұл шарада 20 және 21 ғасырлардағы барлық соғыстар мен оқиғалар айтылып, таныстырулар көрсетілді.
ЦӘК төрайымы: Калимова С.С.
Мемлекеттік тілдегі Web-сайттардың дамуы мен толық көлемде жұмыс істеуі үшін ұлттық бірлікті нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің дамуын арттыру мақсатында 2014 жылы 10 маусымда «Павлодар көлік және коммуникация колледжінде» өткізілген «Мемлекеттік тілдегі ең үздік білім беру сайты» байқауында біздің колледж жүлделі үшінші орынға ие болды.
Колледж оқушылары Саворовская Алена, Артемьева Кристина және Акат Асхат 2014 жылдың 16 ші -18 мамыр күндері Павлодар қаласында өткен Атамекен STARTUP бизнес-жобалар сайысына қатысты. Осы оқушылар сайысты ұйымдастыру жұмысына белсенділік танытқан үшін алғыс хатпен марапатталды.
Педагог-психолог Хаирова Ляйля Ашоковна 1995 жылы Новосибирск мемлекеттік педагогикалық университетін (орыс тілі мен әдебиеті факультеті), 2012 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын (педагогика және психология) аяқтады. Өтінішпен келу : 208 каб. Жұмыс уақыты : 8.30-17.30 Оқушылардың ата-аналарымен жұмыс : сәрсенбі, бейсенбі. Оқушылармен жеке кеңесу: сейсенбі. Биылғы жылы төмендегі тақырыптар бойынша семинарларға қатысты: «Жеткіншек-жасөспірім жастағы тұлғалардың ауытқушылық мінез-құлықтары: феноменология және персонология». «Тәжірибелік психология мектебі: жасөспірім жастағы тұлғалардың арасында ауытқушылық мінез-құлықтарын алдын алу бойынша әлеуметтік-психологиялық тренинг». «Тәжірибелік психология мектебі: Балинттік топтардағы өз-өзіне қол жұмсаушылықтың алдын алу және іс-тәжірибе».
Педагог-психолог кабинетінде апта сайын топтық тренингтер, кеңестер, әңгіме, оқушылармен, ата-аналармен және мұғалімдермен жеке дара жұмыстар атқарылады. Сонымен қатар мұғалімдермен бірге тренингтік жұмыстар атқарылады.
Армандау технологиясы: алдыңа қойған мақсатқа қалай қол жеткізуге болады Табыс – бақытты өмір сүрудің кілті. Неліктен кейбір адамдардың жолы болғыш, ал басқалары сәтсіздікке ұшырайды? Қалайша бір адамдар мүмкін емес нәрсеге қол жеткізеді, ал кейбіреуі қарапайым дүниелерді жасай алмайды? Бұл сұрақты өз өзіне көптеген – мамандар да, қарапайым адамдар да қояды әрі оның әр қайсысы өзінің табысқа жету жолдарын құрады. Мың қадамға бастар жол «Мың қадамға жол бастау бірінші қадамнан басталады» деген қытай мақалы бар. Қандай болмасын ірі жобалар, кез келген маңызды мақсат – бұл ұзақ жол және оны әрқашан жекелеген қадамдарға бөлуге болады. Бұл қадамдардың әр қайсысы – кішкентай мақсат әрі оны қалыптастырып, жазып, бейнесін салу қажет. Бір күнде үй тұрғызып немесе роман жазу мүмкін емес. Бірақ оған өзіңнің аз ғана үлесіңді қосуды бүгіннен бастауың керек. Сонымен қатар көлік жүргізушісіне қараңғы уақытта машина шамының жарығы, бірнеше метр жол ғана көрінеді, алайда оған алға жүруіне осының өзі жеткілікті. Бұл туралы орыс мақалдарында да айтылады, атап айтқанда «Жолдың алыс-жақындығы жоқ», «Қорыққанға қос көрінер», «Көз қорқақ – қол батыр»... Алғашқыда ойдан туған мақсат ұшан-теңіз болып көрінуі мүмкін. Бірақ нақтылы шаралар қолдана бастағанда бәрі де түсінікті болады, үлкен жоба – бұл жеке-жеке бөлшектерден тұратын мозайка. Мұнда әрбір бөлшекті жеке-жеке алып, бір-біріне қосып дұрыс бейне жасау қажет. Өз бейнесін жасай білген сізден басқа яғни – бейненің туындыгерінен басқа кім оны жақсы жасауы мүмкін?
Су түбіндегі тас Бәрінен бұрын жағымсыз тәжірибе мақсатқа қол жеткізуге бөгет жасайды. Бір рет сәтсіздікке ұшырау, кемсітушілік сөздерді есту біржола көңілді қалдыруы мүмкін. Өйткені көз алдыңнан үнемі - сол бір кемсіткен сәттерің кетпеуі мүмкін. Ауыр еске алушылық – бұл бірінші кезекте қолға алған істе жеңе білетін жауың болмақ. Өткенді еске алып қайғырғанша, оған талдау жасау керек. Ия өзіңнің сәтсіздіктеріңді қайтадан еске алып, неден қате жібергендігіңді анықтауға тура келеді. Жаңа сынақты бәрі дұрыс болатындай етіп жоспарлаған жөн. Тағы да бір көзге көрінбейтін жау – бұл қорқыныш. Сәтсіздік қорқынышы сәтсіздіктен бұрын пайда болады, ол адамды жансыздандырып, бәрінен бұрын қорыққанымдай болатын болды деген түсінікті санаға сіңдіреді. Сол себепті кез келген сәтсіздікке алдын ала әзілмен қарау керек, өйткені қателіктердің кетуі сөзсіз болатын құбылыс. Кез келген миллионер өз мақсатына қол жеткізу үшін қаншама қателіктер жасағандығын мойындайды. Ал сәтсіздік тілеушілер өзгелердің қателіктеріне қуанатын болса, онда олардың да өмірінде бәрі жақсы бола бермеуі мүмкін. Тағы да жымысқы басқа қорқыныш – табыс қорқынышы. Табысты адамға қызғана қарап, таныстары одан сырт айналып кетуі мүмкін, оқытушыларға және басшыларға жылдам көтерілу ұнамауы мүмкін. Барлық қоршаған адамдар бұрынғы сәтсіздікке ұшырағанға басқа көзбен қарайды. Кеше ғана өз адамымыз деп қабылдаған олар ертеңіне оны бөтен деп есептеуі мүмкін. Бұл дегеніміз нағыз достыққа жатады ма? әрине жоқ, нағыз достар қандай да болмасын өзгерістерге қарамастан оның жанында қалады.
Өзіңді тексер Біздің көпшілігімізге жақын адамдардың, достардың, әріптестерінің қолдауы жеткілікті. Адам үндемей ғана өзінің арманын құпия сақтаған жағдайда, оның өзіне ол қолайсыз, күлкілі, тіпті ақымақтық болып көрінуі мүмкін. Бірақ кез келген уақытта оған: мүмкін басқалардың да менің арманыма ұқсайтын арманы бар шығар деген ой келеді. Онда біз өз мақсатымызға қалай қол жеткіземіз деп бірге ойлануымызға болады. Соңында барлық адамдар – табысты адамдар бір нәрсені бірдей қалағысы келмейді. Тек қана табысты адамдар осыны мойындаудан қорықпайды.
Жақсылық үшін Кімнің жеңілуге құқысы жоқ? Өз Отанын қорғайтын солдат па, пациенттің өмірін сақтап қалушы дәрігер ме, ондаған жұмыс орнына жауап беретін басшы ма. Ия бұлар табысты адамдар, алайда мұның бәрі табыстың арқасында ғана ма? бастысы сенің жасап жатқаныңның біреуге қажет екенін ойлау қажет, сонда ғана сен қанаттанасың.
Хаирова Л.А орыс тілі және әдебиет оқытушысы және математика пәнінің оқытушысы Жанкаринова Ж.Т, республиқалық қашықтық ғаламтор арқылы олимпиадаға қатысып, математика және орыс әдебиеті пәндері бойынша үздік нәтиже атына ие болды. Физика пәнінің оқытушысы Сулейменова Г.М 1 курс студенті Гофман В дайындады, оқушы үздік нәтиже қөрсетті.
2014 жылы 25 сәуірде ҚМКК «Павлодар машина жасау колледжінде» әлеуметік-қоғамдық пәндер оқытушыларының «Әлеуметтік-қоғамдық пәндер сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану» тақырыбында облыстық семинары өткізілді. Семинарға қала мен облыстың 20-дан астам оқытушылары қатысты. Колледж оқытушылары: Г.Б. Неғманова, Б.Ш. Шушпаева, З.Ж. Ахметова, С.Т. Барақбаев жоғарыда аталған тақырып бойынша әріптестерінің алдында баяндамаларымен сөз сөйледі. Директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары С.С. Калимова ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың колледжде қалай енгізіліп жатқандығын айтып өтті. Семинарға қатысқан әріптестер семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығын әрі оқытушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы оқытушының да, студенттің де жұмысын жеңілдететіндігін айтты.
|