|
| | РУС |
|
2015 жылдың 8 - 17 желтоқсан аралығында жалпы орта білім пәндері бойынша Қазақстандық интернет олимпиада өтті, біздің колледж студенттері Муратова Аймгуль ЛПТ -15-9-1 топ студенті және Касьянов Владислав ТМ-159-1 топ студенті орыс тілі пәні бойынша интернет олимпиадаға қатысып, жақсы қөрсеткіштер қөрсетті. Оларға қатысқан үшін сертификат табысталды.
2015 жылы 11 желтоқсанда Павлодар қ. ішкі саясат бөлімінің, «Ұлт денсаулығы» қоғамдық қорының және «Павлодар облысының кәсіпкерлер мен жетекшілер одағының» жетекшісі А. Гагуевтың қатысуымен 1 курс оқушыларына арналған семинар ұйымдастырылды. А. Гагуев кәсіпкерлік қызмет мәселелеріне, Б. Нукин тәртіпсіздік пен құқық бузушылықтың алдын алуды ескерту бойынша жастар бірлестігінің жұмыстарына тоқталып өтті.
ЖИТС-пен күрес жөніндегі дүниезүзілік кампанияның айлығы аясында «Мақсатқа бағыттау: 90% АИТ-жұқпалы ауруға шалдыққан адамдар АРТ алатын болады, 90% АРТ алатын адамдардың жұқпалы ауруы төмендейтін болады» ұранымен 8.12.2015ж. «АИТ/ЖИТС-тың алдын алу бойынша қауіпсіздік бағыты» тренингі өткізілді. Оны «ПСОСӨС» ЖШС-ның маманы Г.А. Жүсіпова өткізді.
2015 жылы 10 желтоқсанда ЖИТС бойынша айлық викторинамен, байқаумен аяқталды. Оған екі команда қатысты, ЛП 15-11-1 тобы сайыста жеңіске жетіп, грамотамен марапатталды.
2015 жылы 25 қарашада Достық үйінде облы әкімі Қ.А. Бозымбаевтың қатысуымен облыстық «Менің табысым – елімнің табысы» байқауына қатысушыларды марапаттау рәсімі болып өтті. Колледжіміздің 4-ші курс студенті Қапашев Н. «Әлеуметтік маңызды және қоғамдық қызмет» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, дипломмен әрі планшетпен марапатталды.
2015 жылы 27 қарашада колледж оқушыларының 2 лигасы арасындағы 25-ші облыстық спартакиаданың бағдарламасы бойынша Павлодар машина жасау колледжінің командасы жасөспірімдер арасындағы волейболдан 1-ші орын алды. Жаттықтырушы Кожиков А.Ғ.
2015 жыл 25 қараша колледжіміздің 4-ші курс студенті Қапашев Н. «Әлеуметтік маңызды және қоғамдық қызмет» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, дипломмен әрі планшетпен марапатталды.
Қараша айында колледж оқушыларына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, олардың өмірлік кеңістіктерін жаңа қосымша ойлармен, сезімдік бояулармен кеңейту мақсатында мәдени маңызы бар «Жағымды көңіл-күй апталығы» өткізілді.
Колледжде нақыл сөздер ілініп, холл мен қабаттарда акция мен іс-шаралар туралы ақпараттар ілінді, педагогтарға, ата-аналар мен оқушыларға арналған стендтар дайындалды. Ақпарат күнделікті ауыстырылып отырды.
Жұмыстың бір түрі: «Көңіл-күй кемпірқосағы», «колледждің психологиялық портреті», «Тілек шарбағы» атты психологиялық акция мен туған күн иелерін құттықтау, көңілді үзіліс болды. Акцияның маңызды ерекшелігі оның жүктеп қоюшылық еместігі мен әдеттен өзгешелігінде. Акция колледжде белгілі бір көңіл-күйді және басым әсерлі күйді қалыптастырды: колледж бір тұтастыққа айналып, ондағы адамдар – жақын әрі қызықты сұхбаттасушыға айналды.
Емтихан мен консультацияларды кестесі Мамандық 0910000 «Электрлік және электрмеханикалық жабдықтары (түрлері бойынша)» ЭЭЖ-12-9-1 тобы 28.12.2015 ж. бастап 31.12.2015ж. дейін / с 28.12.2015г. по 31.12.2015г.
Бөлім меңгерушісі: Кульшманова Ж.Т.
Емтихан мен консультацияларды кестесі Расписание экзаменов и консультаций Мамандық 1014000 «Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)» Специальность1014000 «Технология машиностроения (по видам)» Гр.ТМ-13-9-2 07.12.2015ж. бастап 11.12.2015 ж. дейін / с 07.12.2015г. по 11.12.2015г.
Бөлім меңгерушісі: Кульшманова Ж.Т. Емтихан мен консультацияларды кестесі Расписание экзаменов и консультаций Мамандық 1014000 «Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)» Специальность1014000 «Технология машиностроения (по видам)» Гр.ТМ-13-9-1 14.12.2015ж. бастап 19.12.2015 ж. дейін / с 14.12.2015г. по 19.12.2015г.
Емтихан мен консультацияларды кестесі Расписание экзаменов и консультаций 09.11.15ж. бастап 13.11.15ж. дейін / с 09.11.15г. по 13.11.15г.
Емтихан мен консультацияларды кестесі Расписание экзаменов и консультаций 09.11.15ж. бастап 13.11.15ж. дейін / с 09.11.15г. по 13.11.15г
ҚР Бірінші Президенті күніне арналған «Қайырымдылық керуені», «Балаларға қуаныш сылайық» акциясы аясында Павлодар машина жасау колледжінің ұжымы 2015 жылы 27 қарашада колледжде оқитын жетім-балаларды мерекемен құттықтап, әр қайсысына сыйлықтар, жалпы сомасы 16 500 теңге болатын 11 дана 1500 теңге сомасындағы азық-түлік жинағын табыстады.
2015 жылы 26 қарашада Дүниежүзілік кампанияның ЖИТС-пен күрес айлығының аясында «Мақсатқа бағыттау: 90% АИТ-жұқпалы ауруға шалдыққан адамдар АРТ алатын болады, 90% АРТ алатын адамдардың жұқпалы ауруы төмендейтін болады» ұранымен Павлодар облысының ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу орталығы НПО-мен бірлесе отырып «АИТ-статусын анықтау үшін тестілеуден өт» акциясын өткіздік, колледж студенттерінің арасында экспресс тестілеу мен сауалнамаға 100-ден астам оқушы қатысты.
2015 жылы 25 қарашада Достық үйінде облы әкімі Қ.А. Бозымбаевтың қатысуымен облыстық «Менің табысым – елімнің табысы» байқауына қатысушыларды марапаттау рәсімі болып өтті. Колледжіміздің 4-ші курс студенті Қапашев Н. «Әлеуметтік маңызды және қоғамдық қызмет» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, дипломмен әрі планшетпен марапатталды
Тиімді тамақтану айлығының аясында 2015 жылы 19 қарашада ҚБ «Ұлттық тамақтану орталығының» қызметкері Нұрахметова Г.Ш. колледж оқушыларымен «Дұрыс тамақтан, жеңіл өмір сүр» немесе «Дені сау, белсенді, ақылды және әдемі болу үшін дұрыс тамақтану қажет» тренингін өткізді. Іс-шара салауатты өмір салтын қалыптастыруға, дұрыс тамақтануға, салмақты бақылауға бағытталған, шараға 100-ден астам оқушы қатысты.
2015 жылы 13 қарашада «NOMАД» ОЖБ өкілі Е. Серікпаевтың қатысуымен дөңгелек үстел өткіздік, ол өз баяндамасында жастар арасындағы толеранттылық пен діниаралық келісім қағидаларын үгіттеу мәселелерін қозғады. Армян мәдени орталығының төрайымы Аракелян Сусанна Дерениковна мәдени орталықта жастар арасында діни саясат пен діниаралық келісімді үгіттеу мен оны түсіндіру бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айтты.
Толеранттылық күнін мерекелеу аясында студенттерге «толеранттылықты, толеранттылық қарым-қатынасты» түсіндіру, өзге адамдарды құрметтеуге және жақсы қарым-қатынас құруға тәрбиелеу, коммуникативтік дағдыларды дамыту мақсатында келесі іс-шаралар атқарылды: 2015 жылы 12 қарашада «Құқық» үйірмесінің жетекшісі Шушпаева Б.Ш. «Халықаралық толеранттылық күні» ақпараттық сағатын өткізді.
Діни экстремизмнің алдын алу. 2015 жылы 4 қарашада колледждің мәжіліс залында 1 және 2 курс студенттеріне арналған «Терроризм мен экстремизмнің алдын алудағы азаматтық қоғамның рөлі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Ақпараттық-түсіндіру жұмысы жөніндегі бөлімнің инспекторы М.Б. Жағыпаров дәріспен сөз сөйлеп, бейнефильм көрсетілді, дін мәселелі жөніндегі заңнамалық база талқылауға салынды, соңында ақпараттық материалдар таратылды.
2015 жылы 5 қарашада осы тақырып жалғастырылып, 1 және 2 курстар арасында «Экстремизм мен терроризмнің қанды салдары» тақырыбында ақпараттық сағат өткіздік.
Студенттерге арнау Мерекелік безендірілген залда 2015 жылы 3 қарашада жоғарғы курстың студенттері бірінші курстың студенттерін қарсы алды, өйткені олар Павлодар машина жасау колледжінің үлкен әрі тату отбасының студенттеріне және оның бір бөлігіне айналды!
Студенттердің арнау күнімен колледж директоры Қ.А. Қаирбаев құттықтады.
Мерекелік концертті жоғарғы курстың студенттері әнмен, флешмобпен жалғастырды. Колледждің бірінші курс студенттерін колледж түлегі Зейніл Айдын құттықтап, өзінің әндерін тарту етті. Мереке соңында студенттер өздерінің анттарын беру салтын өткізді. |