|
| | РУС |
|
Екпе егу – бұл өзгешеліктің алдын алу әдісі, мұнда адам төзімділікке ие болады немесе жұқпалы ауруларға бейімделушілікті жоғалтады. Бұған көп жағдайда екпені егу арқылы қол жеткізеді. Екпені егу нақты жұқпалы ауру кезінде иммунды жүйе жауабын ынталандырады. Осының нәтижесінде төзімділік қауіп төндірушіні есте сақтайды және ағзаға қайта түскен жағдайда белсенді қарсыласуға түседі. Сонымен екпе – кейбір аурулармен қарым-қатынасқа түсетін жасанды төзімділікті құру әдісі. Мұндай әсерге қол жеткізу үшін ағзаға ауру шақыратын, микроағзалардың бір бөлігі болып табылатын зиянсыз антигендерді енгізеді. Күлге, көк жөтелге, сіреспеге қарсы АКДС екпесі – бұл өмірге қауіп төндірушілердің алдын алатын ең бірінші шарасы болып табылады. Сонымен қатар екпе полиомиелит пен қызылша ауруларының алдын алуға көмектеседі. Қыздарда төзімділік болмаған жағдайда жүктіліктің бірінші триместрінде баланың іштен кемтар болып туылуы жүз пайызға жетеді. Ұлдарға эпидемиялық паротиттен екпе егу олардың белсіздік ауруына шалдығуына жол бермейді. Екпе егу миллиондаған өмірді құтқарады және денсаулық сақтау аясында кеңінен қолдауға ие болған бірден-бір әсер етуші әрі тиімді шара болып табылады.
Бронх демікпесі (БД) ең көп таралған созылмалы жұқпалы емес аурулардың бірі және денсаулық сақтау саласының өзекті мәселесі болып отыр. Қазір ДДҰ-ның мәліметтері бойынша одан әлемде 300 млн. жуық адам зардап шегеді. Барлық жастық топта, әсіресе балалар арасында бронх демікпесінің таралуы, аурушаңдылық пен өлім-жітім артқаны байқалуда. Демікпенің балалар арасындағы ең көп таралған созылмалы ауру екенін атап айту қажет. Балаларда аурудың басталуы көбінесе респираторлық аурулармен, түрлі аллергендердің шығуы мен бөгде заттарға байланысты. Семіздік те БД тудыратын қауіпті фактор болып есептеледі. Ер жынысты балаларда демікпенің дамуының қауіпті факторы болып табылады, 14 жасқа дейін демікпенің таралуы қыздарға қарағанда ұлдар арасында екі есе көп. Ұл балалар туылған кезде өкпесінің көлемі кішкентай, ал есейгенде керісінше қыздармен салыстырғанда үлкен болатыны белгілі. БД кезіндегі шылымқорлық өкпе қызметінің тез нашарлауына, аурудың асқынуына, ингаляциялық және жүйелік глюкокортикостероидтердің тиімділігінің төменедеуіне, сондай-ақ демікпені бақылау мүмкіндігін шектеуге әкеп соғады.Босанғанға дейін және босанғаннан кейін темекі түтінімен байланыста болу балада демікпе тәрізді белгілердің дамуының қауіпті факторы болып табылады. Жаңа туылған балалардың туыла сала өкпесінің қызметін зерттеу ананың жүкті кезде шылым шегуінің бала өкпесінің дамуына кері әсері барын дәлелдеді. Сондай-ақ шылымқор ананың балалары алғашқы жылы ысқырып тыныс алу жағдайының пайда болуына 4 есе көп шалдығады. Ананың пассивті шылым шегуі балаларда төменгі тыныс алу жолдарының ауруының пайда болу қаупін арттырады. Ауруды бақылау БД-ның асқынуы ауаның ластану деңгейіне байланысты екенін көрсеткен, ол БД-мен ауыратын пациенттер сезімтал аэрополлютанттардың жалпы санының артуы немесе кәсіби аллергендердің барлығына байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар, өңделген азық-түліктерді, омега-6 тобындағы (маргарин мен өсімдік майының құрамында болатын) көп қанықпаған май қышқылдарын көп пайдаланужәне антиоксиданттарды (көкөніс пен жеміс түрінде), омега-3 тобындағы (майлы балық құрамындағы) көп қанықпаған май қышқылдарын жеткіліксіз тұтыну секілді тамақтану ерекшеліктері атопиялық аурулар мен бронх демікпесінің деректерінің жиілеуіне ықпал етеді. Осы көп таралған және әлеуметтік маңызды аурудың пайда болуы мен даму қаупін барынша төмендету үшін келесі сипаттағы профилактикалық араласуды іске асыру қажет: салауатты өмір салты дағдыларын, соның ішінде күн тәртібін сақтау, дұрыс тамақтану, жеткілікті дене белсенділігін ұстану, темекіні, ішімдікті тұтынудан бас тарту, дәрі-дәрмекті үйлесімді қолдану туралы хабар беруді арттыру, топтық, сондай-ақ жеке деңгейде оқытатын шаралар өткізу, сонымен қатар өз денсаулығына жауапты, ақпаратты адамның, әсіресе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу шеңберінде шараға белсенді қатысу. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыружүйесі (бұдан әрі - МӘМС) –халық денсаулығын сақтау саласындағы мүдделерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі. Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу қажеттілігі «100 нақты қадам» институционалдық реформа жоспарымен және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауымен айқындалды.
Оқушылардың бойында өзге ұлт адамдарының өміріне, мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне, ұлттық өнеріне қызығушылықтарын қалыптастыруға, қазақстандық ұлтжандылыққа, бейбітшілік сүйгіштікке, ұлтаралық келісімге тәрбиелеу, Отанымыз туралы білімдерін кеңейту әрі тереңдету мақсатында колледж бойынша келесі іс-шаралар өткізілді. Бірінші курстарға арналған келесі сынып сағаттарын өткіздік: «Көпұлтты Қазақстан», «Тіл адам жанының кілті», «Қазақстан біздің ортақ үйіміз» және 28.04.17ж. «Бір шаңырақ астында» фестивалінің мерекелік бағдарламасымен аяқталды.
30 наурызда сынып жетекшілеріне оқытушылық семинар-тренингі ұйымдастырылды. Семинарда колледж психологы Г.Қ. Ахметова өз-өзіне қол жұмсаушылықтың алдын алу, С.Т. Барақбаев діни экстремизмнің алдын алу бойынша оқытушылық сабақ өткізді. Сынып жетекшілері әр түрлі жағдайлар бойынша көріністер көрсетті.
2017 жылы 16-20 наурыз аралығында колледжде «Армысың әз-Наурыз 2017» мерекелік іс-шарасы өткізілді. Колледж әкімшілігі іс-шара кезінде 1-2 курс оқушыларының арасында «Мерекелік дастархан» байқауын өткізді. Іс-шарада ұлттық салт-дәстүрлер мен спорттық ойындар көрсетілді. Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. Сонымен қатар колледждің оқытушылары мен студенттері мерекелік концерт ұйымдастырды.
Туберкулёз жұқпалы аурулар қатарына жатады. Туберкулез көбінесе тыныс алу ағзаларын зақымдайды, бірақ туберкулездың өкпедан тыс түрлері де кездеседі. Мұнда адамның терісі, лифа түйіндері, сүйектер, бүйректер, көз, орталық жүйке жүйелері және т.б. зақымдануы мүмкін. 1993 жылы Дүние жүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы (ДДҰ) туберкулезді ғаламдық қауіп проблемасы деп жариялады. Жер шарында 3 млн. астам адам жыл сайын туберкулезден қайтыс болады, жер шарының 1/3 тұрғыны туберкулез таяқшасын жұқтырған, яғни оның тасымалдаушысы болып табылады. Туберкулез ауа-тамшыларының жолымен (сөйлескенде, түшкіргенде, жөтелгенде); туберкулез жұқтырған адамның қақырықпен, сілекеймен ласталған заттарымен жанасқанда, өйткені бұл микробтар ортада өз белсенділіктерін ұзақ уақыт бойы сақтайды. Туберкулез - бұл зооантропоноз, сондықтан жұқпалы аурудың таралу қаупін туберкулезбен ауырған жануарлар (ірі қара мал) да тудыруы мүмкін. Бұл аурудың жұғуына жануардың сүтін пайдалану, жеткілікті дәрежеде термиялық өңдеуден өткізілмеген жағдайда пайда болады. Туберкулезден негізгі алдын алу ортасы – БЦЖ вакцинасын егу болып табылады. Туберкулезден екпе алған балалар екпе алмағандарға қарағанда 15 есе аз ауырады. Екпен бала өмірінің 3-6 күндері перзентханада егіледі. Екпе енгізілген жерде біртіндеп қабыну өзгерістері пайда болады, оның орнында шағын ойықша болуы мүмкін. Бұл қалыпты ағымдық процесс. Иммунитет 5-7 жыл бойы сақталады, сондықтан 7 және 14 жастағы теріс Манту теріс реакциясымен (жұқпалы ауруы жоқ) балаларға БЦЖ екпесін егу қайта жүргізіледі. Екпені егу туылғанда салмағы 2 кг. аспайтын балаларға, туа біткен басқапқы иммунотапшылық, созылмалы ауруда және оның күшеюінде, қатерлі жаңа түзілімдер кезінде қарсы көрсетілген. Созылмалы ауруға шалдыққан балалар дені су балаларға қарағанда екпеге өте зәру, өйткені мұндай балаларда кез келген жұқпалы аурудың, оның ішінде туберкулездің ағымы ауыр әрі асқынбалы болып келеді.
Көктемнің керемет мерекелерінің бірі Халықаралық әйелдер күнін колледжде 6 наурызда атап өттік. Зал салтанатты түрде безендіріліп, оқушылар колледждің нәзік жандыларын күлімдеп гүлмен қарсы алды. Одан соң Г.Т. Күлжібаеваның басшылығымен колледждің белсенділері дайындаған концерт болды.
Жасөспірімдердің ширығуына әсер ететін әр-түрлі, көптеген себептер бар: 1) Оқу үлгерімінің нашарлығы, оқытушылармен жанжалдар. Көптеген ата-аналарға балардың көп бөлігінің жасөспірімдік жаста оқуға мүлем қызықпайтындай болып көрінуі мүмкін. Бірақта түбінде олай емес – бала ішкі жан дүниесінде өзінің сәтсіздіктерін қатты уайымдайды, оны көбінесе көрсете бермейді. Олар тіпті – бұл уайымдарын енжарлық бейнесінде көрсетуі мүмкін. 2) Баланың әлеуметтік мәртебесі, құрбы-құрдастарымен жанжалдары. Жасөспірім үшін қатарластарының көз алдында оның әлеуметтік мәртебесі өте маңызды. Кез-келген бала жетекші болмаса да, өз қаратластарына беделді және оған өз әсерін тигізуді қалайды. Бұл өкінішке орай әр кезде бола бермейді. Сондықтан баланы қатарластары қабылдамаған жағдайда, көп жағдайда ширығуға тап болуы алыс емес. 3) Жасөспірімнің отбасындағы психологиялық жағдай Отбасындағы жалпы психологиялық жағдай да соңғы орында емес. Егер де отбасындағы дау-жанжалдар күнделікті көрініс болса, онда мұндай жағдайда бала өзін қолайсыз сезінетіні сөзсіз. Көптеген ата-аналар өздерінің арасындағы дау-жанжалдарды осылай шешсек, онда оны бала білмей қалады деп ойлайды. Бірақ олар қатты қателеседі – жасөспірім бәрібір ата-анасының арасындағы келеңсіздікті сезеді. Айта кететін жайттың бірі егер де баланың ата-аналарының арасында жанжалдар болатын болса, онда ешқандай да қайырымды көңіл-күйдің болуы мүмкін емес. Көбінесе жасөспірімдік максимализм ата-аналардың болмашы ескертулерін баланың ауыр қабылдап, ол одан әрі дай-жанжалға ұласып кетуге әкеледі. Сондықтан ата-аналар осындай ауыр кездері барынша ақылдылық пен шыдамдылық танытулары керек.
9 ақпанда колледжде психология апталығының аясында «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы өткізілді. Студенттік кеңестің белсенділері психологпен және әлеуметтік педагогпен «Самал» сауықтыру орталығына барды. Студенттер концерттік бағдарлама дайындап, мүгедек-балаларға студенттер мен педагогтардың күшімен жиналған қаражатқа алынған дамытушылық ойындар-сыйлықтарын сыйға тартты.
2016 жылы 9 ақпанда «Самал» сауықтыру үйінде «Қамқорлық» акциясы өткізілді. Студенттер мен педагогтардың күшімен ақшалай қаражат жиналды және оған мүгедек балаларға дамытушылық ойындары, кітаптар мен тәтті тосын сыйлар алынды. 12 ақпанда «Қайырымды іс марафоны» акциясы болып өтті. Студенттік кеңестің студенттері колледждегі жастар комитетінің жетекшісі, ЭЭЖ 12-9-1 тобының студенті Н. Қапашевтың басшылығымен Зырянская 56 мекен-жайында орналасқан үйге барды. Ол үйде Ұлы Отан соғысының ардагері К.Т. Жақыпов тұрады. Студенттер ардагерге үйдің ауласындағы қарды жинуға көмектесті.
|