Апта дәйексөзі “Әділдік пен жауапкершілік бір тұтас ұғым!”
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 8-12-2017, 12:06, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1559

        КМҚК «Павлодар машина жасау колледжінде» колледж оқушыларына қазақша-күрес пен еркін күрестен спорттық үйірмелердің жұмысы үшін қажетті жағдайлар жасалып, құралдармен жабдықталған (үйірме жетекшісі оқытушы-нұсқаушы А.Қ. Кожиков).

 

Жаңалық қосты admin1, 6-12-2017, 16:05, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1447

2017ж. 6 желтоқсанда КМҚК «Павлодар машина жасау колледжінде» медиация және құқықтық мәдениет бірегей күні өткізілді әрі бейне фильм көрсетілді. Сонымен қатар колледж психолыгымен ТМ 17-9-1 және ТОРА 17-9-1 топтарында «Жанжал. Жанжалдық жағдайдардан шығу жолдары» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Семинарда оқушылар жанжалдардың түрлерімен танысты және жанжалдық жағдайлардан шығу жолдары қарастырылды. Сонымен қатар балаларға жанжалдық жағдайлар ұсынылды, олар мұндай жанжал қандай түрге жататындығын анықтады және өздерінің жанжалдық жағдайдан шығу нұсқаларын ұсынды. 

 

Жаңалық қосты admin1, 1-12-2017, 16:37, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 907

КМҚК «Павлодар машина жасау колледжінің» келесі құрамдағы ұлдар командасы: Жетпісбай Аманжол ЭЭЖ 17-9-1, Хохряков  Леонид ЛП 15-11-1, Сүлеймен Азат ТОРА 17-9-1 колледждердің 2-ші лигасындағы оқушылардың XXVIIоблыстық спартакиада бағдарламасында ұлдар арасындағы үстел теннисінен 1-ші орынға ие болды. (спорт жөнінен жетекші нұсқаушы Кожиков А.Қ).

 

Жаңалық қосты admin1, 29-11-2017, 22:07, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1025

 

          29.11.2017 жылы сағат 11.00-де Халықаралық жемқорлықпен күрес күнінің алдында колледжде бірегей сынып сағаты өткізілді.

Барлығы 184 оқушы қамтылды. Сынып сағаты бірінші ЭЭЖ 17-9-1, ЭЭЖ 16-9-1, ЭЭЖ 16-11-1 қазақ топтарында өткізілді. Барлығы 67 оқушы. Оқытушы С.Т. Барақбаев таныстыру, бейне роликтер, Павлодар қ. болған құқық бұзушылықтар жайлы көрсетті.

Екінші болып осындай сынып сағатын бөлім меңгерушісі Д.С. Жұмағалиева өткізді. 117 оқушы қамтылды. Ол сонымен қатар жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы айтып, жемқорлық туралы қолданыстағы заңдармен таныстырды, таныстырулар, бейне роликтер мен фильмдер көрсетті. Соңында оқытушылар оқушылармен әңгімелесіп, оқушыларды қызықтырған сұрақтарға тиісті жауаптарын берді. 

 

Жаңалық қосты admin1, 29-11-2017, 15:10, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1017

«Саламатты тұрғын үй» акциясы аясында 2017ж. 29 қарашада КМҚК «Павлодар машина жасау колледжінің» жатақханасында санитарлық және физикалық мәдениетті дамытып салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру арқылы өз тұрғылықты жерін жақсарту, денсаулығына қажетті жауапкершілікті ақпараттандыру мақсатында оқушылармен флеш-моб өткізілді. 

 

Жаңалық қосты admin1, 16-11-2017, 10:32, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1095

2017ж. 16 қарашада КМҚК «Павлодар машина жасау колледжінің» студенті Арипов Жыргал Темекі шегуден бас тарту күні (19 қараша) және оған арналған онкүндікке орай «Салауатты өмір салтын қолдау орталығы» ЖШС-мен ұйымдастырылған «Дені сау жастар – дені сау болашақ» конференциясына қатысты. Арипов Жыргал – «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша екінші курста оқиды, оқу үздігі, колледждің қоғамдық өміріне белсенді қатысушы. Студенттің баяндама тақырыбы «Менің колледжім – денсаулық аумағы» әрі таныстыру слайдтары дайындалды. Студенттің баяндамасында дене, психикалық және адамгершілік саулық, басқаша айтқанда аурулар мен дене ақаулықтарының болмауы ғана емес, «денсаулық – бұл дене, рухани және әлеуметтік сәттілік» идеясы қамтылған. Әр құрылымға студент көбінесе өз тобынан, колледждің тәрбие жұмысынан, сонымен қатар өзініңбелсенділік өміршеңдік ұстанымынан мысалдар келтірді. Конференцияға қатысқаны үшін Арипов Жыргал үшінші орынға ие болды.

Жаңалық қосты admin1, 6-11-2017, 22:02, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 952

Өткізілетін орын: колледждің мәжіліс залы

Лектор: Әлімханов Олжас Сансызбайұлы – Павлодар қ. бойынша Жемқорлыққа қарсы комитеттің маманы

Қатысқандар:  Барлығы 72 оқушы: 21 адам - ТМ16-9-1т., 18 адам – ЭЭЖ 16-9-1т., 18 адам – ЛП16-9-1т., 15 адам – ТМ17-11-1т.

          О.С. Әлімханов әлемдік көлемдегі жемқорлық картасы туралы оқушыларға айтып, бірнеше елдердің жемқорлық деңгейі бойынша салыстырма жасады. Ол Қазақстанның 131 орында тұрғандығын айтты. 2016 жылы жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық тұлғалардың қолдауында болған 8 ҰҚТ-ның қылмысы әшкереленіп, 90 адам жазаға тартылды. Сондықтан жемқорлықпен күресті күшейту үшін Қазақстанда Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі құрылды. Бұл арнайы бөлім жемқорлық құқық бұзушылықты жүйелі түрде ескерту және оның алдын алу үшін құрылған. ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсанда №1131 Қаулысында жемқорлық құқық бұзушылық оқиғалары туралы хабарлама үшін бір реттік ақшалай сыйлық қарастырылған. 

          Әрі қарай оқушыларға жемқорлық және іс-шаралар мен оларды ескерту туралы бейне фильм көрсетілді.

           Оқушыларға дәріс өте ұнады, өйткені ол мазмұнды әрі тиімді болды. 

 

Жаңалық қосты admin1, 20-10-2017, 08:50, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1154

2017-2018 оқу жылында

сырттай оқу бөлімі оқушыларының ТСБ тапсыру

кестесі

                       

 

Мамандық атауы

Сынақтық тестілеу күні

Теориялық тестілеу күні

Тәжірибелік тестілеу күні

1

1014000 Машина жасау технологиясы (түрлері бойынаша)

17.11.2017.

22.11.2017.

24.11.2017

2

1201000 Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану

24.03.2018.

28.03.2018.

30.03.2018.

3

0910000 Электрлік, электромеханикалық жабдықтар (салалары бойынша)

20.03.2018.

26.03.2018.

30.03.2018.

4

1004000 Құю өндірісі

19.03.2018.

27.03.2018.

29.03.2018.

5

0518000 Есеп және аудит

 

9.04.2018.

11.04.2018.

13.04.2018.

 

 Сырттай оқу бөлімінің меңгерушісі                                   Ақышева Ф.М.

 

Жаңалық қосты admin1, 4-10-2017, 08:55, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1165

04.10.2017 г. в рамках акции «Қасиетті жерлерге саяхат» группой ТОРА 16-9-1 был посещен палеонтологический природный памятник «Гусиный перелет», который расположен в черте города, на правом берегу Иртыша. Учащиеся ближе ознакомились с историческим местом Павлодарской области. Информация по посещению памятника были опубликованы в социальных сетях «Вконтакте», «Instagram» под хэштегами #руханижанғыру #руханижанғырупавлодар 

 

Жаңалық қосты admin1, 29-09-2017, 11:51, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 927

29 қыркүйекте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен Жүрек күні аталып өтті.Оның басты міндеті - жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупі және олардың алдын алу қажеттілігі туралы адамдардың хабардар болуын арттыру.Дүниежүзілік жүрек күні аясында Павлодар машина жасау колледжінде "Бір әлем, бір үй, бір жүрек" акциясы өтті.