«Өзін-өзі тану және психология апталығы» онкүндігі аясында 04.02-12.04.2021ж.ж. аралығында рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту, студенттерді өзара көмекке, зейінділікке, қайырымдылық пен жанашырлыққа тарту мақсатында «Асыл жүрек» фотокөрмесі өткізілді. Шараға 1-4 курстың барлық студенттері белсенді қатысты. Байқау нәтижесі бойынша 1 орын ЛП 17-9-1; 2 орын өзара ЛП 19-9-1 және ЭМОП 20-9-1 бөлісті; 3 орынды ЭМОП 19-9-1 және ТОРА 19-9-1 топтары иеленді.
2021 жылдың 10 ақпанында бірінші курстардың ата-аналарын психо-профилактикалық ағарту, салауатты өмір салтын насихаттау арқылы жасөспірімдер мен жастар арасында тәуелді (ойын мен компьютерге) мінез-құлықтың қалыптасуының алдын алу мақсатында колледж психологының ата-аналармен «Интернет желісіндегі жасөспірімдердің қауіпсіз мінез-құлқы» тақырыбында бірінші курс студенттерінің ата-аналары арасында кездесуі өтті.
Ата-аналар онлайн кездесуде интернет-тәуелділік белгілерімен, кибербуллинг ұғымымен, интернет-технологиялар көмегімен іске асырылатын және қорлау, бопсалау, қорқыту, жала жабу, қысым көрсету түрінде түрлі нысандарда көрініс табатын тәсілдермен танысты. Сондай-ақ, сұрақтар қарастырылып, ата-ананың «тәуелділікке қарсы» көзқарастарды қалыптастырудағы рөлі, интернеттегі баланың мінез-құлқы үшін жеке жауапкершілікті қалыптастыру үшін қажетті психологиялық дағдыларды дамыту туралы ұсыныстар берілді.
Егер ата-аналар баласының мінез-құлық және эмоционалды саласындағы өзгерістерді тапса, кімге және қайда көмек сұрау туралы ақпарат алды.
Ғаламтор бұзақыларының құрығына кез келген бала ілігуі мүмкін. Кейбір балалар мектепте тым қатыгездік танытады. Олар өздерінің қылығын ерсі деп санамайды да. Өкінішке қарай, өз замандастарының мазағына айналған балалар әр сыныпта кездеседі. Егер бұрын бұзақылардың әрекеті жеке басқа тиісу, келемеждеумен шектелсе, қазір жағдай әлдеқайда күрделене түсті. Кибербұзақылар өз құрбандарын тек желіде, компьютерде отырып аңдиды деу – қате түсінік. Керісінше, қазір жеткіншектер ұялы телефонның күшін асыра пайдаланады. «Құрбандарын» келемеждеп видеоға түсіру, оны желіге салу, өз араларында тарату белең алды. Әрі қазіргі телефонда қажеттінің бәрі бар, өзі шағын, жасыруға да ыңғайлы.
Өзге замандасынан қорлық көрген бала бұл туралы ешкімге тіс жарғысы келмейді. Тіпті тәрбиелі отбасынан шыққан баланың өзі әке-шешесіне қанша сенім артса да айтқысы келмейді. Ата-анам алдындағы «беделіме» нұқсан келеді, мені әлжуаз деп санайды деп намыс көреді. Әсіресе ересектеу бала өзгенің мазағына айналса, қиын. Ол болған жайды отбасынан жасырып қана қоймай, мінез-құлқына да өзгеріс кіріп, құрдастарымен араласудан қашқақтап, өзімен өзі тұйықтала түседі.
Сонымен, баланың интернет құрбаны болғанын қалай білеміз?
Мазасыздану. Өмірінде қандай да бір жайсыздық болса, ең сабырлы деген баланың өзі мазасызданып, берекесі кетеді. Оны ата-ана байқамауы мүмкін емес. Күйзелу, мектепке барғысы келмеу – баланың өмірінде бір жайсыздық болғанының басты белгісі;
Интернетке жоламай кету. Егер балаңызғаламторды, желіні белсенді пайдаланып жүріп, аяқ астынан жоламай кетсе, онда міндетті түрде себебін анықтаңыз. Әдетте балалар компьютердің алдында уақыт өткізгенді жақсы көреді. Олардың интернетке жоламай кетуі – сирек кездесетін құбылыс. Ал аяқ астынан, ешкім тыйым салмай-ақ, ғаламторды ашпай кетсе, онда бір гәптің болғаны деп ұғыныңыз.
Жаңа хабарлама келген кезде күйгелектену. Бала телефонына келіп жатқан хабарламалардың даусынан мазасызданып, өзін біртүрлі сезінсе, атаанасы оған бей-жай қарамау керек. Хабарламалар балаңыздың көңіл-күйін түсірсе, міндетті түрде оның телефонын тексеріңіз. Бұл әрекет этика ережелеріне қайшы келгеніне қарамастан, әрбір ата-ана баласына не болып жүргенін білуге міндетті.
6 ақпанда «Атлас» мамандықтары бойынша қазақстандық ғылыми зерттеу интернет-журналы «Болашақтың болашағы бар мамандықтары: ақылды шахталар және жаңа энергия» тақырыбында тікелей эфир өткізді, оған колледждің бітіруші топ студенттері қатысты. Отырыстың спикері әдіскер, мұнай-газ, энергетика және тау-кен металлургия өнеркәсібі атласының бастығы Олег Мецик, ал модератор - электронды журналистика, PR және маркетинг мамандығында оқитын студент Салтанат. Тікелей эфир болашақ мамандар үшін өте мазмұнды және пайдалы болды.
Бірінші курстың сынып жетекшілеріне арналған ұсыныстар:
Бірінші курстың екінші оқу семестрінде сынып жетекшісі колледж өмірінің әртүрлі аспектілеріне қанағаттану мәселесі бойынша топ студенттеріне сауалнама жүргізе алады.
Сіз қанағаттанасыз ба:
(Иә – онша емес – жоқ)
- оқу пәндерінің жиынтығымен және мазмұнымен?
- оқу процесін ұйымдастырумен?
- қысқы сессиядағы нәтижелеріңізбен?
- оқыту сапасымен?
- оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілумен?
Психологиялық тәжірибеде бейімделу кезеңінде қолдануға ұсынылатын көптеген практикалық әдістер бар. Олардың бірі-сенімділік пен агрессивтілік дәрежесі бойынша мінез-құлықты саралау кестесін қолдана отырып, мінез-құлықты бақылау әдісі:
Сенімсіз
мінез-құлық
Агрессивті
мінез-құлық
Сенімді
мінез-құлық
Белсенді тұлға ретінде
Белсенді тұлға ретінде
Белсенді тұлға ретінде
Өз мүдделерін кемсітеді.
Ол жан ауруы мен мазасыздықты сезінеді.
Басқалардың мүдделерін кемсітеді.
Өз сезімдерін басқалардың сезімдерін бұзу арқылы білдіреді.
Өзіне риза.
Өз сезімдерін білдіреді.
Қанағат сезімін сезінеді.
Өзінің ыңғайсыздығын және көңіл толмаушылығын сезеді. Өз мәселесін өзге біреудің шешуіне мүмкіндік береді. Алдына қойған мақсатқа қол жеткізбейді.
Басқалар үшін шешеді.
Ол басқалардың мүдделеріне нұқсан келтіріп, қалаған мақсатына жетеді.
Кадрларды даярлау мамандықтар бойынша жүзеге асырылады
07150100 «Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)» Біліктілігі: 4S07150106 техник - механик, оқу мерзімі: 9 сынып. - 3 жыл 10 ай (бюджет); 11 кл. - 2 жыл 10 ай;
07151200 «Құю өндірісі» Біліктілігі: 4S07151202 техник - технолог, оқу мерзімі: 9 сынып. - 3 жыл 10 ай (бюджет);
07151100 «Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету (салалар бойынша)» Біліктілігі: 4S07151102 техник - механик, оқу мерзімі: 9 сынып. - 3 жыл 10 ай (бюджет); 07130700 «Электромеханикалық жабдыққа техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (түрлері мен салалары бойынша)» Біліктілігі: 4S07130704 техник - электромеханикалық, оқу мерзімі: 9 кл. - мемлекеттік тілде 3 жыл 10 ай (бюджет), 11 кл. сырттай - 2 жыл 10 ай;
07161300 «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» Біліктілігі: 4S07161304 техник - механик, оқу мерзімі: 11 сынып. сырттай - 2 жыл 10 ай;
04110100 «Есеп және аудит» Біліктілігі: 4S04110102 есепші-экономист, оқу мерзімі 11 класс. - сырттай - 1 жыл 10 ай;
Жасөспірімдерде виртуалды ортада қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мақсатында 2021 жылғы 27 қаңтарда 1-2 курс студенттері арасында «Мен және Интернет» тақырыбында онлайндық вебинар өткізілді, оған 33 адам қатысты.
Осы тақырып аясында студент жастарда интернетке тәуелділіктің алдын алудың өзекті мәселесі ұсынылды. Студент жастардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері сипатталды, студенттердің интернетке тәуелділігінің ерекшелігі қарастырылды, зерттелетін мәселе аясында алдын-алудың негізгі аспектілері талданды.
1-2 курс студенттерімен Интернетті пайдалануға, олардың желіде өткізетін уақытын азайтуға, тәуелділік деңгейін төмендетуге, тиімді мінез-құлық стратегиялары мен жеке ресурстарды алуға, тұлғааралық қарым-қатынастың сындарлы дағдылары мен стресстік жағдайларды шешуге, барабар мақсат қоюға, қарым-қатынас деңгейін арттыруға, өзін-өзі бағалауға, өзіне деген сенімділікке, рефлексивтілікке және стресске төзімділікке қатысты қатынастар қарастырылды.
Балалар интернетке тәуелділік-психикалық бұзылыс, интернетке қосылуға деген байламдылық және одан уақытында ажырай алмау сияқты мәселелерді талқылауға белсенді қатысты, өз тәжірибелерінен осындай жағдайлардың мысалдарымен бөлісті.