|
| | РУС |
|
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ АҒАРТУШЫСЫ ТУРАЛЫ
АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағаты» қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі, жазушы, этнограф, фольклоршы ғалым, ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсаринге арналды.
Қазақ даласында білімнің шырағын жаққан Ыбырай Алтынсарин бар ғұмырын қазақ балаларын оқыту жолында өткізген.
Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, ана тілімізде оқулық жазған.
Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын «Қазақ христоматиясының» алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қатар, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім…» деп тұжырымдаған.
Қазақ жастары арасында білім беруді дамытудың маңыздылығын Алтынсарин өзінің басқа да көптеген шығармаларында сипаттаған.
Олардың қатарына «Өсиет өлеңдер», «Әй, жігіттер» сияқты тағы да басқа туындыларын жатқызуға болады. Бұл өлеңдерінде биік адамгершілік тұрғысынан ұрлық-қарлықты, астамсу, әділетсіздікті сынап, еңбексіздікті, ескілікті салттардың зияндығын көрсетіп, адал еңбектің адамгершілік мінез-құлықтың артықшылықтарын бейнелейді.
«Кел, балалар, оқылық» өлеңінде ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін шебер пайдаланып, білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты қатар алып, салыстырып отырды.
Ы. Алтынсариннің шығармалары бүгінгі күнге дейін заманауи білім беру жүйесінің негізі болып табылады.
Жазушының адамгершілік туралы идеялары эстетикалық тәрбиемен байланыста, бірімен-бірі ұштастырыла суреттеліп отырады.
Қазақ даласына азаттық идеясы тарай бастаған тұста жаңа поэзияның бастаушысы, білімнің көшбасшысы, алғашқы ұстазы болып Ыбырай Алтынсарин қашан да тарих биігінде тұра берері хақ.
Ұлт ұстазы біздің тарихымызда өшпес із қалдырды. Оның арманы – халықтың гүлденген болашағына нық сеніммен қарайтын білімді жастар болды.

«Сәкеннің өнегелі жолы» тақырыбындағы «Адалдық сағаты»
7 желтоқсанда "Саналы ұрпақ" жобасын жүзеге асыру аясында және Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Машина жасау колледжінің "Саналы ұрпақ" клубының мүшелері «Жемқорлыққа жол жоқ!» челенджін ұйымдастырды. Іс - шараның басты мақсаты-сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру: парасаттылық, адалдық, әділдік, сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністерінде төзбеушілік.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Павлодар машина жасау колледжінде "Саналы ұрпақ" клубының белсенділерімен 2020 жылғы 16-23 қараша аралығында "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» плакаттар байқауы өткізілді. Бұл байқауға барлық курстардың студенттері қатысты және бұл жастардың бойында адамгершілік, парасаттылық, адалдық, мәдениет және әділеттілік, сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз. Ең үздік жұмыстар: Байбаева Максим – 1 орын, Шленчак Игорь – 2 орын, Кенжетаева Айсұлу – 2 орын, Сұраған Майгүл – 3 орын, Сұңқарбек Сабина – 3 орын, Нарожной Анастасия – 3 орын. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. Балалар, сіздерді жеңістеріңізбен құттықтаймыз, оқуда табыс және шығармашылық шабыт тілейміз!
|