"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 26-04-2021, 10:00, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 352

 

http://pmk-kolledg.edu.kz/rus/uploads/260421-1.jpg

 

 

http://pmk-kolledg.edu.kz/rus/uploads/260421-2.jpg

 

2021 жылы 24 сәуірде Павлодар қаласы колледж оқытушылары спартакиадасының 50-ші кешенді бағдарламасында Президенттік миля бойынша жарыстар өткізілді.

Біздің колледж командасы құрамында: Шарипов Зейнел-Габиден Зинуллаевич, Каримов Ержан Каиркешевич, Кожиков Дархан Ахметуллович, Амри Жан Темірболатович, Айтеева Динара Сергеевна, Капарова Гульнур Кабирова, Жүрсебай Рысжан Жамбыловна, 12 команда арасында II орын алып, грамотамен марапатталды.

Жеке сынақтарда Амри Жан Темирболатович 39 жасқа дейінгі жас санатында I орын алды. Каримов Ержан Каиркешевич 50-59 жаста, ІІ орын алды.
Шарипов Зейнел-Ғабиден Зинуллаұлы-60 жаста және одан жоғары ІІІ орынға ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен және медальдармен марапатталды.

Жаңалық қосты admin1, 16-03-2021, 09:30, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 580
Бүгін колледж қабырғасында «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубының «Мықты, ептілік, шеберлік» 
атты әскери-спорттық сайысы өтті. Байқау бағдарламасына викторина, автомат бөлшектеу және құрастыру
кірді. Байқау қорытындысы бойынша:
1 орын - TM 20-9-1
2 орын – ТОРА 20-9-1
3 орын - ЛП 20-9-1
4 орын - ЭМОП 20-9-1
 
Құттықтаймыз балалар

http://pmk-kolledg.edu.kz/rus/uploads/160321-nvp-1.jpg

Жаңалық қосты admin1, 19-12-2020, 13:18, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 352

ҚР Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында 7-11 желтоқсанда колледждер арасында әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша "Қыран-2020" жарысы онлайн форматта өтті. Біздің колледжден Кириленко Богдан, Волокитин Даниил, Трегубова Екатерина қатысты. Балалар АК-74 жинау және бөлшектеу, белтемірге тартылу, арқаға жатып денені көтеру шеберліктерін көрсетті.

 

Жаңалық қосты admin1, 28-09-2020, 17:00, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 556

 

   2020 жылғы 15-25 қыркүйек аралығында Павлодар қаласында Павлодар облысы колледждерінің оқушылары арасында тоғыз құмалақ бойынша онлайн жарыс өткізілді. Біздің колледждің ұлдар командасы, құрамында Шерхан Талғатбек - ТМ 19-11-1 тобы және Акинов Бекзат-ЭЭЖ 20-9-1 тобы, командалық есепте 3 орын алды. Жеке есепте Акинов Бекзат екінші тақтада 3 орын алды. Шерхан Талғатбек бірінші тақтада 4 орын алды. Құттықтаймыз!

   Қыздар командасы, осы жарыста, құрамында Байтемиров Арина-ЛП 18-9-1 /1 тақта / тобы және Нарожная Анастасия ЛП 19-9-1 /2 тақта/ тобы 12 команда арасында командалық есепте 6 орын алды. Жеке есепте қыздар өз тақталарында 5 орын алды. Құттықтаймыз!

  Жарысты өткізу бойынша жалпы басшылықты ФКҚО жүзеге асырды. Осы жарыстардың жүлдегерлері Б. Акинов және Шерхан Талғатбек командалық есепте 3 орын үшін диплом және медальдармен марапатталды. Жеке есепте Акинов Бекзат 3 орын үшін грамотамен және медальмен марапатталды.

 

 

Жаңалық қосты admin1, 3-02-2020, 12:00, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 487

 

2020 жылы 2 ақпанда машина жасау колледжінің студенттері “Баянтау” спорт сарайында Ауғандық және

жергілікті соғыс ардагерлері арасындағы волейболдан бесінші Республикалық чемпионатында болды


On February 2, 2020, engineering college students attended the 5th Republican Volleyball Championship among

Afghan and local war veterans at the Bayantau Sports Palace

 

Жаңалық қосты admin1, 8-12-2017, 12:06, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1413

        КМҚК «Павлодар машина жасау колледжінде» колледж оқушыларына қазақша-күрес пен еркін күрестен спорттық үйірмелердің жұмысы үшін қажетті жағдайлар жасалып, құралдармен жабдықталған (үйірме жетекшісі оқытушы-нұсқаушы А.Қ. Кожиков).

 

Жаңалық қосты admin1, 1-12-2017, 16:37, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 815

КМҚК «Павлодар машина жасау колледжінің» келесі құрамдағы ұлдар командасы: Жетпісбай Аманжол ЭЭЖ 17-9-1, Хохряков  Леонид ЛП 15-11-1, Сүлеймен Азат ТОРА 17-9-1 колледждердің 2-ші лигасындағы оқушылардың XXVIIоблыстық спартакиада бағдарламасында ұлдар арасындағы үстел теннисінен 1-ші орынға ие болды. (спорт жөнінен жетекші нұсқаушы Кожиков А.Қ).

 

Жаңалық қосты admin1, 28-10-2016, 17:45, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1102

Колледждің ұлдар мен қыздар командасы  ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған тоғыз-құмалақтан колледждер арасында өткізілген 2 лиганың облыстық XXVI спартакиадасына қатысты және жарысқа қатысқан облыстың 12 колледжінің арасынан құрметті 1-ші орынға ие болды. Ұлдар командасының құрамына: ЛП 15-9-1 тобынан Өмірзақов Мирас пен ТМ 14-11-1 тобынан Шайхимов Нұрслан, қыздар командасының құрамына: ЛП 13-9-1 тобынан Жамалиденова Гүлмира мен ЛП 15-9-1 тобынан Мұратова Айымгүл кірді. Студенттер грамоталармен және медальдармен және сонымен қатар ұлдар мен қыздар командасы командалық есепте 1 орын алғаны үшін грамотамен марапатталды.

 

 

Жаңалық қосты admin1, 12-10-2016, 10:30, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 997

Колледждің келесі құрамдағы ұл балалар командасы: Шайхимов Нұрлан ТМ 14-11-1т., Хохряков Леонид ЛП 15-11-1т., Сағынтай Еламан ТМ 15-11-1т. колледж оқушыларының 2 лигасындағы XXVI   облыстық спартакиада бағдарламасы бойынша ұл балалар арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арнайы өткізілген үстел теннисі бойынша облыстық жарыста құрметті 2-ші орынға ие болды

 

Жаңалық қосты admin1, 12-09-2016, 11:05, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1542

Денсаулық – әр адамның толық әрі бақытты өмір сүруінің негізгі кепілі. Ол жоспарланған мақсаттарға, негізгі өміршеңдік міндеттерге қол жеткізуге, әр түрлі қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Жақсы денсаулық адамның ұзақ әрі белсенді өмір сүруіне жағдай жасайды.

Әр адам әсіресе жасы ұлғайған сайын өз денсаулығының қадірін түсіне бастайды. Сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыру бала кезден басталуы керек. Салауатты өмір салтын үгіттей отырып, біз колледжде өте көп іс-шаралар өткіземіз. Оның біреуі дәстүрлі түрде өткізілетін Денсаулық күні, бұл іс-шара 2016ж. 9 қыркүйекте Усолка мөлтек ауданында орналасқан «Ертіс» спорттық базасында өткізілді. Оқушылар футбол ойнады, кір тасын көтеріп, қанат тартысты. «Көңілді старт» сайысы өте қызықты әрі тартымды өтті. Ауа райының қолайсыздығы біздің спортшылрымызға бөгет бола алмады. Оқушылар арасында үздік деп танылғандар грамоталармен марапатталды.