Апта дәйексөзі “Әділдік пен жауапкершілік бір тұтас ұғым!”
Спорт 2020 жылғы 15-25 қыркүйек аралығында Павлодар қаласында Павлодар облысы колледждерінің оқушылары арасында тоғыз құмалақ бойынша онлайн жарыс өткізілді.
Жаңалық қосты admin1, 28-09-2020, 17:00, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 649

 

   2020 жылғы 15-25 қыркүйек аралығында Павлодар қаласында Павлодар облысы колледждерінің оқушылары арасында тоғыз құмалақ бойынша онлайн жарыс өткізілді. Біздің колледждің ұлдар командасы, құрамында Шерхан Талғатбек - ТМ 19-11-1 тобы және Акинов Бекзат-ЭЭЖ 20-9-1 тобы, командалық есепте 3 орын алды. Жеке есепте Акинов Бекзат екінші тақтада 3 орын алды. Шерхан Талғатбек бірінші тақтада 4 орын алды. Құттықтаймыз!

   Қыздар командасы, осы жарыста, құрамында Байтемиров Арина-ЛП 18-9-1 /1 тақта / тобы және Нарожная Анастасия ЛП 19-9-1 /2 тақта/ тобы 12 команда арасында командалық есепте 6 орын алды. Жеке есепте қыздар өз тақталарында 5 орын алды. Құттықтаймыз!

  Жарысты өткізу бойынша жалпы басшылықты ФКҚО жүзеге асырды. Осы жарыстардың жүлдегерлері Б. Акинов және Шерхан Талғатбек командалық есепте 3 орын үшін диплом және медальдармен марапатталды. Жеке есепте Акинов Бекзат 3 орын үшін грамотамен және медальмен марапатталды.

 

 

dle
Другие новости по теме:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии к новости: 2020 жылғы 15-25 қыркүйек аралығында Павлодар қаласында Павлодар облысы колледждерінің оқушылары арасында тоғыз құмалақ бойынша онлайн жарыс өткізілді.