|
| | РУС |
|
«Торайғыров университеті» КЕАҚ мен «Павлодар машина жасау колледжі» ШЖҚ КМК арасындағы бірлескен қызмет туралы меморандумды іске асыру шеңберінде 2024 жылғы 17 қаңтарда университеттің профессор-оқытушылар құрамымен және колледждің арнайы пәндер оқытушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында академиялық мәселелер жөніндегі Басқарма мүшесі-проректор Петр Олегович Быков және «Машина жасау және стандарттау», «Металлургия», «Көлік техникасы және логистика» кафедраларының меңгерушілері қатысушылардың назарын «Сапалы білім «Білімді ұлт» ұлттық жобасын іске асыруға аударды, оның негізгі мақсаты білім алушылардың білім сапасын арттыру, колледж білім алушыларына қолдау көрсету болып табылады сондай-ақ колледж қызметкерлері мен білім алушыларын металлургия, металл өңдеу және техника саласындағы ғылыми-инновациялық қызметке тарту.
17.01.2024 ж. Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай Машина жасау колледжінде бірыңғай сағат өтті! Қаныш Имантайұлы Сәтбаев-кеңестік геолог-ғалым, кеңестік металлогения ғылымының негізін қалаушылардың бірі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы!
2023 жылғы 23 қарашада колледжде педагогтерді аттестаттау қағидаларына
2023 жылғы 2-3 қарашада Өскемен жоғары политехникалық колледжінің қабырғасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары арасында инженерлік сала бойынша ІІІ республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Республиканың 30 педагогының 17 арнайы пән оқытушылары мен ТжКБ ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері финалға өтті. Екі күн бойы байқауға қатысушылар өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетті. Байқау 2 кезеңде өткізілді: 1 кезең – теориялық бөлім (2023 жылғы 23-24 қазан аралығында ОНЛАЙН өтті), 2 модульден тұрды: Модуль 1-Техникалық тапсырма бойынша графикалық редакторда сызба салу; 2-Модуль-мамандық бойынша кешенді тестілеу. 2 кезең-практикалық бөлім (2023 жылғы 2-3 қараша аралығында ОФЛАЙН режимінде өтті.), 3 модульден тұрды: 3-Модуль – «Мен - SMART инженер» - механикалық берілісті әзірлеу және жобалау жөніндегі тапсырма»; 4-Модуль - практикалық оқыту элементтерін көрсету; 5-Модуль - еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша ситуациялық міндеттерді шешу. Байқау-бұл сіздің қабілеттеріңізді тексеруге және инженерлік тәжірибемен бөлісуге тамаша мүмкіндік. Біздің колледжді арнайы пәндер оқытушысы Смагулова Айжан Кабышевна таныстырды. Байқау қорытындысы бойынша Айжан Қабышқызы «Креативті инженер» номинациясына ие болып, грамотамен марапатталды.
2024 жылдан бастап республика колледждерінде алты бағыт бойынша жаңа оқу бағдарламалары енгізілетін болады. Осыған байланысты 17 қазанда колледжде білім беру бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының қатысушылары үшін басшысының ОЖ жөніндегі орынбасары Ш.К. Умарова түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шолпан Қабиденқызы ББ әзірлеуге жұмыс берушілер де қатысатынына назар аударды. Сондай-ақ, ол жұмыс тобы ББ техникалық-технологиялық бағыт бойынша әзірленетінін атап өтті.
2023 жылғы 11 қазанда колледжде оқытушыларға арналған «Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар құрастыру – қарапайымнан күрделіге көшу; білім алушылардың білімін объективті бағалау» тақырыбында оқыту семинары өтті. Жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы Г. Т. Усембаева өзінің педагогикалық тәжірибесінде осы әдістемені қолдану тәжірибесімен бөлісті. Семинарға қатысушылар алған білімдеріне қанағаттанып, болашақта өз жұмыстарында қолдануды жоспарлап отыр.
29.06.2023 ж. қорытынды педагогикалық кеңесте 2022-2023 оқу жылындағы колледж оқытушылары арасындағы рейтингтің қорытындысы шығарылды. 1 орын - арнайы пәндер оқытушысы Байдильдин Нұрсұлтан Қанатұлы, шетел тілі пәнінің оқытушысы Хамитова Анара Сагадатовна 2 орын – химия пәнінің оқытушысы Несипбаева Замзагуль Кошерхановна 3 орын - арнайы пәндер оқытушысы Құспеков Қанат Маратұлы, тарих пәнінің оқытушысы Баракбаев Серик Тулекұлы . Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.
2023 жылы 4 мамырда ШЖҚ КМК «Павлодар машина жасау колледжінің» оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері арасында Мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында қазақстандықтардың қатысуымен өткізілген «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант жазуға қатысты.
2023 жылғы 27 ақпан мен 9 наурыз аралығында жалпы білім беретін және қоғамдық пәндер ЦӘК-нің колледжішілік олимпиадасы ұйымдастырылып, белсенді өткізілді. Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері: студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту; оқытылатын пәндерге қызығушылықты дамыту; қабілетті, дарынды
24 ақпан күні «Электрлі электромеханикалық жабдық (салалар бойынша)», |