|
| | РУС |
|
31.01.2022 – 1.02.2022ж.ж. аралығында онлайн режимде "Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету" пәні бойынша 1201000 "Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану" мамандығы, "техник-механик" біліктілігі, ТОРА 19-9-1 3-курс тобы бойынша студенттерде курстық жобалар қорғалды. Қорғау қорытындысы бойынша 10 студент "өте жақсы", 8 студент "жақсы" және 5 адам "қанағаттанарлық" деген бағаларға ие болды. Комиссия құрамында күндізгі бөлім меңгерушісі Д.С. Жұмағалиева, арнайы пәндер оқытушылары Д.С. Айтеева мен А. И. Гришина болды, олар Баринов Данил - "ВАЗ 2121 Нива автокөлігінің шанағына техникалық қызмет көрсету", Ердан Борамбаев – "ВАЗ 2106 жүріс бөлігіне техникалық қызмет көрсету", Әділ Ханенко – "BMV X5 автомобилінің ілінісу механизміне техникалық қызмет көрсету" тақырыбындағы жобаларды қорғаған студенттерді атап өтті. Студенттер: В. Абеков, Д. Баринов, Е. Борамбаев, Е. Мусралинов, И. Негматолла, Д. Новой, Е. Середа, А. Ханенко Үздік білім көрсетті. Жалпы, курстық жобалардың тақырыптары өзекті, ал студенттер курстық жобаларды дайындауға жауапкершілікпен қарады, бұл жұмыс сапасы мен үлгеріміне оң әсер етті. Балалар, сіздерге алдағы емтихан сессиясын және практиканы тапсыруда табыс тілейміз!
Другие новости по теме:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии к новости: Курс жобаларының нәтижелері
|