|
| | РУС |
|
"Таза сессия", "Чистая сессия" акциясы 2020-2021 2020-2021 оқу жылының қысқы емтихан сессиясы кезеңінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және ескерту мақсатында қоғамдық пәндер оқытушысы Д.С. Жұмағалиева, басшының парасаттылық мәселелері жөніндегі кеңесшісі А. Жанбекова және "Саналы ұрпақ" клубының белсенділері Павлодар машина жасау колледжінде "Таза сессия" акциясын ұйымдастырды. Құрметті студенттер мен оқытушылар! Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы келесі телефондар арқылы хабарлай аласыздар: 87182554498, 87479648817, pmk_kolledg@mail.ru
"Адалдық алаңы" жобасын іске асыру шеңберінде Павлодар машина жасау колледжінде "Саналы ұрпақ" клубының студенттері қатарынан парасаттылық мәселелері бойынша колледж басшысының кеңесшісі - "Машина жасау технологиясы"мамандығы бойынша 1 курс студенті Жанбекова Амина тағайындалды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында Машина жасау колледжінде ұлттық асық ойыны - "Бес тас" бойынша онлайн – жарыс өткізілді.
ҚР Тәуелсіздік күніне орай 1 және 2 курс студенттері "Лидер.kz" Халықаралық зияткерлік-білім беру орталығы ұйымдастырған қашықтықтан пәндік олимпиадаға қатысты. 33 белсенді балалар орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, география, физика, биология, математика, химия пәндері бойынша өз білімдерін тексерді. Жеңімпаздар: Жанбекова Әмина, Сансызбаев Аян, Бландинский Николай, Ахметов Әлішер, Иманғалиев Қайрат, Сәрсенова Аружан, Бақытбек Нұрейса, Сатыбалдинова Аяжан, Сартаков Владислав, Шевченко Кирилл, Ғалымжанов Медет, Акинов Бекзат, Чинарвекұлы Бақытбол, Қабыкенов Дархан, Аманжол Рақат, Құлқымбаев Темірлан, Тлеулесов Рустам, Винюкова Эвелина, Ниязбеков Камиль, Буц Данил, Боранбаев Ердан, Боровской Артем. Барлық жеңімпаздар мен оқытушыларды ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз!
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ШЖҚ КМК «Павлодар машина жасау колледжіндегі» ЭЭЖ 20-9-1 тобында білім алатын студенттер онлайн форматындағы іс-шараға белсенді қатысты. Топ студенттері: Мажитов Жандос Тәуелсіздік күніне арналған сурет салды, Акинов Бекзат таныстыру дайындады ал Бағдат Наурызбек бейнефильм дайындап, «Тәуелсіз елім» атты өзінің шығарған өлеңін оқыды әрі құттықтау жолдады. Шараға қатысқан барша студенттерге шығармашылық табыстар тілейміз!
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай колледжде патриоттық акция
Қазақ халқының тарихында көптеген ерліктер жасалды. Бұл ерліктерді туған жеріне, туған халқына деген шексіз махаббаты бар адамдар теңдік пен бостандық жолында өздерін құрбан етуге деген ұмтылысын сақтап қалды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай колледж кітапханашысы А.М. Рахметова ұйымдастырған "Желтоқсан оқиғаларының қаһармандары" атты ақпараттық сағатта осындай кейіпкерлер туралы сөз қозғалды.
|