"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Іс-шаралар «Елімнің ырысы – Наурыз»
Жаңалық қосты admin1, 22-03-2016, 17:00, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1250

Көктем келді, Наурыз бізді өзінің керемет іс-шараларымен қуанышқа бөледі. Мерекелік іс-шараға көптеген оқушылар қатысты. Жаңа жиын топтары 14 наурызда «Шеберлер ауылы» мерекелік көрінісін ұйымдастырып, дастархан жайды, концерттік нөмірлер мен қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсетті. 15 наурызда барлық курстарда «Наурыз көктем тынысы» сынып сағатын өткіздік, 17 наурызда ТМ-13-9-1 және ТМ -14 -11-1 топтары «Елімнің ырысы – Наурыз» мерекелік концертін ұйымдастырды. 25 – 27 наурыз аралығында «Кенесары» клубының мүшелері Наурыз мерекесіне орай бокстан өткізілген халықаралық жарысқа қатысып, 2 және 3 орындарды иеленді.

 

dle
Другие новости по теме:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии к новости: «Елімнің ырысы – Наурыз»