Апта дәйексөзі “Әділдік пен жауапкершілік бір тұтас ұғым!”
Ата аналарга акпарат ЖАДНАМА СТРЕССТІ БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІ МНЕ ТӘСІЛДЕРІ
Жаңалық қосты admin1, 18-02-2021, 10:04, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 481

ЖАДНАМА

СТРЕССТІ БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІ МНЕ ТӘСІЛДЕРІ

 

http://pmk-kolledg.edu.kz/rus/uploads/sp-12.jpg

 

Мүмкін қиын жағдайға байланысты, Сіз стресстен туындаған физикалық белгілерге тап болуыңыз мүмкін. Мысалға: шаршау, бас ауру, асқазан бұзылысы, бұлшықет кернеуі, тәбеттің жоғалуы (немесе, керісінше стрессті асыра пайдаланып тамақтану).

Немесе Сіз өзіңіздегі тітіркену, ашу,  жүйке және энергияның жетіспеушілігі сияқты психологиялық белгілерді байқайсыз ба?

Бақымызға орай, таңқаларлықтай тез жұмыс істейтін стрессті жеңідің қарапайым тәсілдері бар. Оларды қиын жағдайда тыныштық орнату үшін пайдалаңыз.

  1.                   Балаларыңызды сөзбен сөйлесуге және олармен жұмыс кезінде түсінікпен қарауға шақырыңыз. Бұл дегеніміз кеңейтілген жауапты көздейтін ашық сұрақтар, мәселелерді әсірелемеу немесе олардан қашқақтамау, сіздің эмоцияларыңыз баланың сезімдеріне сәйкес келуі және әңгімелесу барысында жағымды жаққа, мәселені түсіну жағына қарай өзгеріп отыруы тиіс. Балалардың нені білетінін және қалай қабылдайтынын біліп алыңыз.
  2.                   Әдетте балалар өздерінің сезімдерін түсіну мен қолдану ортасында білдірген жағдайда жеңілдейді. Әрбір баланың өз эмоциялары мен қиындықтарын білдіруінің өзіндік тәсілі болады. Көбінесе балалар сезімдерін ойын,  сурет салу арқылы білдіреді, балаларға ашу, қорқыныш немесе қайғыру секілді үрейлі сезімдерді білдірудің ашық тәсілдерін табуға көмектесіңіз.
  3.                   Балаға жайлы жағдай туғызу. Дағдарыс кезінде реакцияларыңызға міндетті түрде бақылау жасау қажет, балалар ересектердің эмоциялары мен эмоциялық көріністерін өте жіті бақылайды. Ересектер балалармен шынайы жанға жайлы байланыстарды орнатып, оларды қалай жақсы көретінін, бағалайтынын, мақтан тұтатынын үнемі айтып отыру керек. Олардың қауіпсіздікте екенін әрдайым көрсетіп отыру қажет.
  4.                   Мүмкін болса, өмірдің үйреншікті қалпын сақтаңыз және/немесе жаңа жағдайда жаңа өмір салтын құруға көмектесіңіз. Үйреншікті өмір сүру салты негізгі өмірлік физиологиялық қажеттіліктер бойынша ұстануы тиіс: ұйқы, тамақтану және т.б. Өмір ағымындағы өзгерістер туралы, өзін қалай қауіпсіз ұстау керектігі жөнінде қарапайым түрде түсіндірілуі тиіс, балалардың көзінше орын алып жатқан жағдайлар туралы жалған сөздер мен қауесеттерден аулақ болыңыз. Дегенмен, сіз баяндайтын ақпарат шынайы болуы тиіс, баланың жасына сәйкес келетін тілде сөйлеңіз, олардың әрекетін бақылаңыз, олардың неге мазасызданатынына көңіл бөліңіз. Егер сіз оларадың сұрақтарына жауап бере алмасаңыз, ойдан құрастырмаңыз. Мұны жауаптарды бірге табудың мүмкіндігі ретінде пайдаланыңыз. Интернеттегі кейбір ақпараттың сенімді еместігін, ең дұрысы сарапшыларға немесе ресми ресурстарға сенім арту керектігін түсіндіріңіз.
  5.                   Әр түрлі жағымды оқиғалар туралы сөйлесіңіз.Адамдардың қайырымдылық пен жомарттықты көрсете отырып, бір-біріне көмектесетінін білу балалар үшін маңызды. Ауру өршуін тоқтату және қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатқан денсаулық сақтау қызметкерлері, ғалымдар және жастар туралы оқиғалармен бөлісіңіз. Жанашыр адамдардың іс - шараларды қолға алып жатқанын білу үлкен жұбаныш болады.  
  6.                   Өзіңізге қамқорлық жасаңыз.Сіз өзіңізге қамқор бола білсеңіз, балаларыңызға жақсырақ көмектесе аласыз. Балалар сіздің жаңалықтарды қалай қабылдап жатқаныңызды өздері-ақ түсінеді, сіздің сабыр сақтап, жағдайды бақылауға алуыңыз оларға көмектеседі.
    Егер сіз мазасыздық сезінсеңіз немесе көңіліңіз құлазыса, өзіңіз үшін уақыт тауып, отбасының басқа мүшелерінің, достарыңыздың және сіздің айналаңыздағы сенімді адамдардың көмегіне жүгініңіз. Демалып, күш-қуатты қалпына келтіру үшін уақыт табыңыз.

 

Есіңізде болсын! Егер Сіз ешқандай шара қолданбасаңыз, күйзеліс денсаулыққа, сонымен қатар депрессияға, мазасыздықтың дәріге тәуелділіктің, маскүнемдіктің пайда болуына әкелуі мүмкін.

 

dle
Другие новости по теме:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии к новости: ЖАДНАМА СТРЕССТІ БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІ МНЕ ТӘСІЛДЕРІ