|
| | РУС |
|
Мен ӨМІРДІ таңдаймын.
9 қараша 2021 жылы Павлодар машина жасау колледжінің "Ашық жүрек" еріктілер клубы "Есірткіге жол жоқ!", "Жас Отан" партиясының қалалық комитеті мен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастырған пилоттық акциясына қолдау көрсетті. Акцияны өткізудің мақсаты есірткі заттарының таралуы мен пайдаланылуының алдын алу және жастар арасында нашақорлық проблемасына жұртшылықтың назарын аудару болып табылады. Әр түрлі есірткі құралдарын жарнамалау және сатумен айналысатын интернет сілтемелері мен сайт мекен-жайлары бар граффити жазуларын анықтау және жою (бояу арқылы) бойынша бірлескен рейд жүргізілді. Колледж студенттері жастарды есірткіні қолданудан және қылмыстық әрекеттерге қатысудан бас тартуға, еліміздің болашағы үшін спортпен және оқумен айналысуға шақырады.
Другие новости по теме:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии к новости: Мен өмірді таңдаймын.
|