Апта дәйексөзі “Әділдік пен жауапкершілік бір тұтас ұғым!”
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 13-03-2025, 16:22, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 32

2025 жылғы 12 наурызда Машина жасау колледжінде «Техникалық және кәсіптік білім берудегі оқытудың заманауи технологиялары мен мүмкіндіктері» атты 2025 педагогикалық оқулары   өтті. Педагогикалық оқулардың мақсаты – әдістемелік тақырыпты іске асыру шеңберінде колледж педагог қызметкерлерінің жұмыс тәжірибесімен алмасу.

«Педагогикалық оқулар тәжірибе алмасу нысаны, педагогикалық ұжым жұмысындағы» өсу нүктелерін» анықтау тәсілі ретінде өзектілігін сақтап келеді» - деп атап өтті колледж әдіскері Ж. Т. Жанкаринова және әріптестеріне табыс пен жемісті жұмыс тіледі.

Қатысушылар тәжірибеге енгізілуі мүмкін оқытудың инновациялық тәсілдерін, оқыту әдістемелері мен әдістерін таныстырды.

Педагогикалық оқулардың нәтижелері бойынша келесі оқытушылар жеңімпаз атанды:

1 орын – Муканова Нургуль Уалиденовна;

2 орын – Байбаева Марина Владимировна;

3 орын – Баракбаев Серик Тулекович; Усембаева Гульсим Тогамбековна.

Жүлдегерлер мен қатысушылар педагогикалық оқуларға қатысқанын растайтын дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.

Осылайша, педагогикалық оқулар тиімді педагогикалық тәжірибелерді таратудың тиімді нысаны болып табылады, көптеген мұғалімдерге жұмыс тәжірибесімен алмасуға, өздерінің кәсіби даму стратегиясын құруға мүмкіндік береді. Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны және педагогика ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Педагогические чтения

Педагогические чтения

Педагогические чтения