Апта дәйексөзі “Әділдік пен жауапкершілік бір тұтас ұғым!”
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 5-06-2017, 12:05, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1354

     «Нұр Отан» партиясының Доктринасында басты құндылық ретінде Адам, оның ар - ожданы мен құқығы, амандық-саулығы мен заңды мүдделері көрсетілген: «Әр азамат туғаннан дені сау, білімді болуға, еңбек етуге, лайықты еңбекақы табуға, отбасын құруға, жеке баспана иеленуге, өз балаларының болашағын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіндей әлеуметтік жэне басқа да игіліктерге кепілді эрі тең тұргыда қол жеткізе алуға тиіс».

     Қазіргі әлемде адам капиталы мемлекеттің тұрақты дамуының негізгі факторларының бірі болып табылады. Әлем елдерінің бэсекеге қабілеттігін зерделейтін рейтингтік агенттіктердің баяндамаларында адам капиталының коэффициенті жоғары елдер дәстүрлі түрде жоғары позицияны иемденеді. Адам капиталы түрақты экономикалық дамудың жэне қоғамдағы саяси тұрақтылықтың саяси, әлеуметтік жэне азаматтық институттардың жұмыс істеуі үшін шешуші маңызы бар кепілі болып табылады. Бұл көзқарас бойынша адам капиталы Қазақстанға әлемнің 30 бәсекеге қабілетті елінің қатарына кіруге көмектесетін ресурс болып табылады.

     Адам капиталының негізі - бұл сапалы білім. Білімді адамның еңбек өнімділігі жоғары және ол еңбек нарығында мейлінше сұраныска ие. Білімді халыктың жоғары пайызы бар ел ғана жаһандық сын-қатерлерге карсы тұруға қабілетті. Сондықтан жастардың окуына ұзақ мерзімді кезеңге инвестиция салудың маңызы зор, өйткені бұл жоба келешекте ақталады.

Мемлекет басшысы, «Нүр Отан» партиясының Көшбасшысы

     Н.Ә. Назарбаев бастама білдірген «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасының ойдағыдай іске асырылуы осы тезисті растап отыр, бүгінде оның түлектері ең жауапты учаскелерде ауқымды мемлекеттік міндеттерді іске асыруға қатысып келеді.

Осылайша, еліміздің Президенті атап өткендей «қазақстанның дарынды жастарына арналған «әлеуметтік лифт» құрылған......

2011-2012 оқу жылынан бастап «Болашақ» бағдарламасы өз түжырымдамасын өзгертті жэне бұл бағдарлама шеңберінде шет елдердің жоғары оку орындарына тек қана магистранттар, доктаранттар немесе мемлекет үшін басым салалардың қызметкерлері тағылымдамаға жіберіледі.

Дегенмен, Қазақстан мектептерінің талантты түлектері шетел жоғары оку орындарына оқуға түсіп, бакалавриат бағдарламасы бойынша білім алуға шақыру алып жатыр. Алайда шетелдік университеттерге өз бетімен оқуға түскен жастардың материалдық жағдайы онша жоғары емес ата-аналарының қаражаты есебінен оқуға мүмкіндіктері бола бермейді. Сондай-ақ елімізде әлеуметтік көмекке мұқтаж, ешқашан шетелдік жоғары оқу орнына түсуге бел буып көрмеген ақылды, келешегі зор түлектер жеткілікті.

     «Нұр Отан» партиясының міндеті осы жастарға мүмкіндік беру жэне әлемнің жетекші жоғарғы оқу орындарында сапалы білім алу үшін әлеуметтік саты ұсыну болып табылады. Осындай жастарға армандарын іске асыруға жәрдемдесу - партияның еліміздің адам капиталын дамытуға инвестиция салуы болып табылады.

     Мақсаты: дарынды, келешегі зор жастарға сапалы жоғары білімге қол жеткізуге мүмкіндік беру жолымен, Қазақстан Республикасының адам капиталын дамытуға партияның үлес қосуы.

Міндеттері:

<!-- [if !supportLists]--><!--[endif]-->халықтың әлеуметтік корғалатын аз жіктерінен шыққан жастарды

қолдау;

<!-- [if !supportLists]--><!--[endif]-->шетелдік жоғары оқу орындарында және халықаралық деңгейдегі университеттерде жоғары білім алуға жәрдемдесу;

<!-- [if !supportLists]--><!--[endif]-->«Нұр Отан» партиясының кайырымдылық білім беру гранттарын ұсыну;

<!-- [if !supportLists]--><!--[endif]-->«Нұр Отан» партиясының қайырымдылық білім беру гранттарын алған жастардың оқу үлгеріміне мониторинг жасау.

Мақсатты аудитория: әлеуметтік көмекке мұктаж жастар, атап айтқанда ата-анасының қамкорлығынсыз калган жетім балалар, мүгедектер, мемлекетітк атаулы әлеуметтік жәрдемақы алатын отбасылардан, көп балалы және толық емес отбасыларынан шыққан балалар, мүгедек ата-анасы бар жастар.

Жобаның мазмүиы: шетелдік университеттерге оз бетінше оқуға түскен және қаржылық комекке зэру дарынды жастарга «Нұр Отан» партиясының қайырымдылық білім беру гранттарын (бүдан әрі - гранттар) ұсыну.

Жыл сайын 4 жыл ішінде бакалавриат жэне «Foundation» даярлык багдарламасы бойынша жетекші жогары оку орындарында мақсатты топтардан шыққан жастарды оқыту үшін 20 грантка дейін болу жоспарланып отыр.

Жобаны қаржыландыру партияның арнайы шотының каражаты есебінен жыл сайынгы негізде жүзеге асырылады. Орташа шамамен 4 жылга есептелген грант құны оқыту құнын, ай сайынгы стипендияны, медициналық сақтандыруды, колік шыгыстарын, визалық қолдауды қамтиды.

«Нұр Арман» партиялық жобасының тұжырымдамасы

«Нұр Арман» партиялық жобасының ережесі