Апта дәйексөзі “Әділдік пен жауапкершілік бір тұтас ұғым!”
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 28-03-2016, 17:02, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1901

2016 жылы 28 наурызда Б.Т. Адуова ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Менің Қазақстаным – менің елім» атты викторина өткізді. Іс-шараға «Шаңырақ» және «Бірлік» командалары қатысты. Сайыс барысында «Шаңырақ» командасы Республикамыздың қалыптасу тарихы бойынша өздерінің терең білімдерін көрсетіп, жеңіске жетті.

 

Жаңалық қосты admin1, 22-03-2016, 17:00, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1361

Көктем келді, Наурыз бізді өзінің керемет іс-шараларымен қуанышқа бөледі. Мерекелік іс-шараға көптеген оқушылар қатысты. Жаңа жиын топтары 14 наурызда «Шеберлер ауылы» мерекелік көрінісін ұйымдастырып, дастархан жайды, концерттік нөмірлер мен қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсетті. 15 наурызда барлық курстарда «Наурыз көктем тынысы» сынып сағатын өткіздік, 17 наурызда ТМ-13-9-1 және ТМ -14 -11-1 топтары «Елімнің ырысы – Наурыз» мерекелік концертін ұйымдастырды. 25 – 27 наурыз аралығында «Кенесары» клубының мүшелері Наурыз мерекесіне орай бокстан өткізілген халықаралық жарысқа қатысып, 2 және 3 орындарды иеленді.

 

Жаңалық қосты admin1, 11-03-2016, 16:55, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1296

2016 жылы 11 наурызда болашақ құрылысшылар тобының шығарылымы болды, мерекелік түрде ата-аналар мен оқытушылардың қатысуымен колледждің түлекетріне дипломдар табысталып, белсенді әрі үздік түлектерге грамоталар және олардың ата-аналарына алғыс хаттар берілді. Іс-шара әрі қарай колледж студенттері дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты. Колледж директоры оқу үздіктеріне дипломдар табыстады.

 

 

 

Жаңалық қосты admin1, 7-03-2016, 16:52, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1423

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында колледжде әр түрлі іс-шаралар өткізілді, атап айтқанда: «Әйел – Ана, Әйел – Ару» кітап көрмесі, 8 наурыз – әйелдер күні сынып сағаты. 4 наурызда оқушылар безендірілген плакаттар дайындап, колледждегі әйелдер ұжымын гүлдермен қарсы алды және ЛП – 14-9-1,  ТОРА – 14-9-1 топтарының оқушылары мерекелік концерт дайындады.