Апта дәйексөзі “Әділдік пен жауапкершілік бір тұтас ұғым!”
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 1-10-2015, 23:00, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1342

     «Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа нөлдік шыдамдылық» акциясы.

   2015 жылы 30 қыркүйекте мемлекет басшысының тәртіпсіздікке «Нөлдік шыдамдылық» қағидасын қаматамасыз ету бойынша тәжірибелік шараны іске асыру аясында Павлодар машина жасау колледжінде «Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа нөлдік шыдамдылық» акциясы өткізілді.
Акцияға Павлодар қ. ГЮП ОАП ІІБ аға инспекторы, полицияның аға лейтенанты Р.А. Калькин мен «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» ЖҚ-ның жетекшісі Манабаева Айгерім қатысты.
Ұйымдастырушылар акцияның мақсаты оқушылардың бойына тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтардың «нөлдік шыдамдылық» қағидасын қалыптастыру, құқықтық мәдениет пен сауаттылықты арттыру екендігін және Павлодар қ. осы бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатқандығын айтып өтті. Колледж оқушыларының атынан акцияны қолдау үшін колледждің «Жас Отан» ЖҚ хатшысының м.а. Кужиртаев Әділет сөз сөйледі. Акцияға 1-2 курстардың 98 оқушысы қатысты.

 

    25 қыркүйекте 2015 жылғы ІІІ еңбек семестрінің жабылуына арналған Павлодар облысының «Жасыл Ел» студенттік құрылыс және жастар отрядының слеті өтті. Слетке біздің студенттер өздерінің командирі Какенова Жанна Нұрланқызымен шақырылды. Жанна Нұрланқызы 7 жыл бойы «Жасыл Ел» отрядының командирі болып жұмыс істеді. Биылғы жылы «Жасыл Ел» студенттік құрылыс және жастар отрядының құрылғанына 10 жыл толуына орай Какенова Жанна Нұрланқызы «Үлгілі аймақтық штаб» номинациясы бойынша «Жасыл Ел» студенттік құрылыс және жастар отрядыныңжұмысына белсенді қатысқаны үшін дипломмен марапатталды. 

 23 қыркүйекте Қарттар мен Ұстаздар күні мерекесінің қарсаңында колледждің еңбек ардагерлеріне құрмет көрсеттік. Колледжге барлық еңбек ардагерлері шақырылды. Олар уақытты жақсы өткізіп, өткен кездерді еске алды және іс-шараны жақсы ұйымдастырғаны үшін колледж директорына үлкен алғыстарын айтты.