|
| | РУС |
|
Жас ұрпақты Отан қорғаушылардың ерлігіне құрметпен қарауға, Отанға сүйіспеншілікпен және құрметпен қаруға тәрбиелеу мақсатында, оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен өзін өзі жүзеге асыруға жағдай жасау. Жас ұрпақты белсенді азаматтық және ұлтжандылық тәрбие түрлеріне тарту, КМҚК «Павлодар машина жасау колледжінде» ҰОС-тың 70-жылдығының құрметіне орай оқушыларды зерттеушілік жұмыстарға баулу мақсатында келесі іс-шаралар өткізілді: Байқау шаралары: «Ардагерлер арамызда» ТОРА 14-9-1 тобы ҰОС-қа қатысқан павлодарлықтар туралы құжаттық материалдар дайындады. «Біз уақытты тоқтата алмаймыз, бірақ жадымызда сақтай аламыз» ТМ-14-11-1 тобы дайындады, «Әйел-аналар соғыс жылдарында» ТМ-13-9-2 тобы, «Ерлікті жүрегіңмен сезін» - ЛП -13-9-1 тобы.
8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу аясында, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында 2015 жылы 6 наурызда колледжде «Колледж аруы» байқауын өткіздік, байқауға 7 үміткер қатысты, олар өте қызықты таныстырулар, дайындап, «Дайындық» интеллектуалдық байқауынан, «Шығармашылық» байқауынан өтті әрі аспаздық қабілеттерін көрсетіп, соңында «Дефеле» көрсетті. Байқауының нәтижелері бойынша №4 болып өнер көрсеткен, ТМ 13-9-1 тобының 2 курс оқушысы Суханова Жанель «Колледж аруы» атанды.
2015 жылы 3 наурызда тұрғындарды түберкулездің белгілері туралы хабарландыруды арттыру, уақытында емделудің тимділігі айту мақсатында Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен, Павлодар түберкулезге қарсы диспансермен, «Денсаулық» жастар орталығымен және колледж оқушыларымен бірлесе отырып «Мен тірі тұрғанда түберкулезді тоқтатыңдар!», «Түберкулезді бірге жеңеміз!» ұранымен туберкулездің алдын алу бойынша акция өткіздік.
Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20-жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан халықтарының ұлтаралық келісімдері мен толеранттылығын, ұлтаралық мәдениеттерді үгіттеу мақсатында колледжде келесі іс-шаралар өткізілді:
2. Фестивальді «Наурыз – достық мерекесі» тақырыбы бойынша ТМ 14-9-1 тобы жалғастырды. Олар қазақ халқының салт-дәстүрлерін, қонақжайлылығын көрсетіп, қара жорға биін орындады, айтыс өнерін және ұлттық спорт ойындарын көрсетті әрі наурыз көжеден дәм ұсынды.
Байқауда ТМ 14-9-1 тобы жеңіске жетті. Құттықтаймыз!.
2015 жылы 20 наурызда Наурыз мерекесіне арналған мерекелік бағдарлама «Жігіттің сұлтаны» байқауымен аяқталды. Жарысқа колледждің 7 жігіті қатысты. Қатысушылар өздері туралы таныстыруларын көрсетіп, мақал-мәтел, жаңылтпаштар айту, спорт түрлерінен сайысқа түсті. Шығармашылық өнерімен көрермендерді тәнті етті. «Жігіт сұлтаны» номинациясы бойынша 3 курс студенті Айтжанов Абай жеңімпаз атанды. Құттықтаймыз!
|