Апта дәйексөзі “Әділдік пен жауапкершілік бір тұтас ұғым!”
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 29-04-2014, 15:11, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1656

2014 жылы 25 сәуірде ҚМКК «Павлодар машина жасау колледжінде» әлеуметік-қоғамдық пәндер оқытушыларының «Әлеуметтік-қоғамдық пәндер сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану» тақырыбында облыстық семинары өткізілді. Семинарға қала мен облыстың 20-дан астам оқытушылары қатысты. Колледж оқытушылары: Г.Б. Неғманова, Б.Ш. Шушпаева, З.Ж. Ахметова, С.Т. Барақбаев жоғарыда аталған тақырып бойынша әріптестерінің алдында баяндамаларымен сөз сөйледі. Директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары С.С. Калимова ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың колледжде қалай енгізіліп жатқандығын айтып өтті. Семинарға қатысқан әріптестер семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығын әрі оқытушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы оқытушының да, студенттің де жұмысын жеңілдететіндігін айтты.