|
| | РУС |
|
2013 жылдың 26 желтоқсанында орыс тілі және орыс әдебиеті оқытушы Хаирова Л.А машина жасау колледжінде «Нам не дано предугадать» атты әдеби- музыкалы композициясын өткізді , белгілі орыс ақын Федор Иванович Тютчевтың өмірбаянымен шығармашылыгына арналған. Студентердің назарына ұсынылды Тютчевтың шығармашылығы бойынша презентация, мәлімдеме, ақпарат, және музықалық – романстар, Тютчевтың сөздеріне жазылған өлендер , және басқада Тютчевтың өмірінде болған өте қызықты оқиғалар.
2013 жылы 27 желтоқсанда колледждің мәжіліс залында 1 курс студенттеріне арналған «Біздің көңілді Жаңа жыл» атты жаңа жылдық іс-шарасы өткізілді. Мереке өте көнілді және қызықты өтті. Барлық оқушылар сайыстарға және сұрақ-жауаптарға белсене қатысып, жаға жылдық әндер орындады. Іс-шарада жетім-оқушылар назардан тыс қалмады, осы күні колледждің директоры олардың әр қайсысын жаңа жылмен құттықтап сыйлықтар табыстады.
Халықтың мәдени құндылығын меңгерту, ҚР рәміздеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, оқушылардың өз мемлекеті туралы білімдерін кеңейту мен жүйелендіру арқылы қазақстандық ұлтжандылықты қалыптастыру мақсатында ҚР Тәуелсіздігіне арналған онкүндік өткіздік.
Онкүндік ҚР Ән-ұранын білу мен оны дұрыс орындау мақсатында бірінші курс оқушыларының арасында байқау өткізумен 2013 жылы 14 қарашада басталды. Бұл байқауда ТМ 13-9-2 тобы жеңіске жетті.
2013 жылы 4-5 желтоқсан аралығында колледждің жастар комитеті «Менің Қазақстаным» интеллектуалдық марафонын ұйымдастырды. Ол екі кезеңде өткізілді. ТМ 13-9-1 тобы өз мемлекетінің тарихын үздік білушілері болып атанды
10-шы желтоқсанда барлық курстарда «Мен тәуелсіз мемлекеттік азаматымын» тақырыбына арналған сынып сағаты өткізілді және онкүндік 13-ші желтоқсанда «Тәуелсіздік – елдің ерлік жолы» мерекелік концертімен аяқталды.
23.05.2013ж. колледжде талапкерлерге арналған ашық есік күні өтті.
|