|
| | РУС |
|
2013ж. 19 маусымда ҚМКК «Павлодар машина жасау колледждінің» белсенді студенттері конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Экстремизм мен терроризмге жол жоқ!» флеш-мобына қатысты. Іс-шара барысында студенттер қала тұрғындарына акция буклеттерін таратып, жағажайда «Экстремизм мен терроризмге жол жоқ!» деген ұранмен аспанға ақ және қара түсті шарларды ұшырды.
14.05.2013ж. колледжде 1-ші курс оқушыларының арасында акция өтті: ТЕМЕКІ ШЕГУ НЕМЕСЕ ДЕНСАУЛЫҚ? ТАҢДАУ ӨЗ ҚОЛЫҢДА! Темекі шегу: 90% өкпе қатерлі ісігін; 75% кеңірдек-өкпе ауруларын; 25% жүрек-қантамыр ауруларын тудыратын басты себеп болып табылады. Егер де сіз темекі шегуді тастасаңыз: - 20 минуттан кейін қан қысымы қалыпты жағдайға келеді; - 8 сағаттан кейін қандағы никотин мен зиянды газ жартылай төмендейді, оттегі деңгейі қалыпты жағдайға келеді; - 24 сағаттан кейін зиянды газ ағзадан толық шығады; - 48 сағаттан кейін иіс сезу қабілеті жақсарады; - 72 сағаттан кейін өзін-өзі жақсы сезінеді; - 2-12 аптадан кейін қан айналымы жақсарады; - 1 жылдан кейін миокарда инфаркт қаупі 50%-ға төмендейді; - 5 жылдан кейін өкпенің, ауыз қуысының, кеңірдектің, өңештің қатерлі ісік ауруларына ұшырауы 2 есеге дейін азаяды.
ДЕНСАУЛЫҚТЫ ТАҢДАҢЫЗ! 19.05.2013ж. колледж оқушылары Халықаралық ЖИТС-тан қайтыс болғандарды еске алу күні аясында облыстық ЖИТС орталығы мен үкіметтік емес ұйымдардың ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай өткізген акциясына қатысты. Акцияның өткізілген жері: қалалық мәдени және демалыс саябағы.
Маусым – Өткір ішек жұқпалы ауруларының алдын алу
Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция 2013жылғы 14 мамырда ағылшын тілінің оқытушысы Хамитова А.С. «Шетел тілді оқыту барысында коммуникативтік әдісінің элементтері» баяндасымен С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінде өткен « Тіл кедергісі жоқ білім және ғылым» халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясына қатысты. Анара Сағадатовнаға белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хат» табыс етілді. |