|
| | РУС |
|
2013 жылы 22 ақпанда түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізу мақсатында колледждің акт залында арнайы мамандарды шақырумен ата-аналар лекториясы ұйымдастырылды. Іс-шарада мынадай мәселелер қарастырылды: 1. Экстремизм мен терроризмнің алдын алу. 2. Отбасындағы келеңсіз жағдайларды, жасөспірімдердің стресстік және өзіне қол жұмсаушылық көңіл-күйлердің алдын алу. Балалардың құқықтарын қорғау және отбасын нығайту. «Әйелдер болашақ ұлт үшін» қоғамдық бірлестігінің директоры Бороздина Жанна Юрьевна. 3. «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу». Әкімшілік жаза. ГЮП инспекторы – Бастеміров Нұржан Еркінұлы. Лекторияға 120 ата-ана, сынып жетекшілері және колледж әкімшілігі қатысты.
2013 жылы 20 ақпанда колледждің жастар комитеті мен облыстық «Жас Отан» жастар қанатының өкілдерінің қатысуымен кездесу болып өтті. Бұл кездесуде жастар қанатының мүшелері Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан 2050» Стратегиялық Жолдауын, оның ішінде білім беру, жастар саясаты бөлімдерін талқылап, жастар қанаты жастар арасында қандай түсіндірмелік жұмыстар жүргізіп жатқандығын айтты. Іс-шара соңында «Жас Отан» жастар қанатына мүшелікке өтуге ниет білдірген студенттер өтініш жазды.
2013 жылы 19 ақпанда колледжің акт залында қазақстандық ұлтжандылыққа тәрбиелеу және Ауғанстанда өздерінің интернационалдық борышын атқарған жауынгерлерді жас ұрпақтарның естерінде сақтату мақсатында дөңгелек үстел өткізілді, оған Әскери даңқ мұражайының меңгерушісі Әзірбаев Аслан Дыбысбекұлы шақырылды. Студенттер Ауған соғысы туралы әңгімелерді қызығушылықпен тыңдап, құжаттық фильмді көрді. іс-шара соңында өздерін қызықтыратын сұрақтарына жауаптар алды.
2013 жылы 21 ақпанда Павлодар машина жасау колледжінде «Донор күні» өткізілді. Колледждің студенттері осы іс-шарада белсенділік танытып, олардың қандары ауру адамдардың өмірін арашалап қалуға дер кезінде қажет болуы үшін өздерінің азаматтық парыздарын орындады. |