Апта дәйексөзі “Әділдік пен жауапкершілік бір тұтас ұғым!”
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 1-04-2021, 12:30, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 432

26.03.21 ж. Новосибирск өнеркәсіптік колледжінде "Студент-бүгін, маман – ертең" атты студенттік ғылыми - практикалық конференция өтті, онда біздің колледж студенттері үш секцияға қатысты.

Секция 1. Өңірлердегі машина жасау саласы және металл өңдеу: инновациялық және интеграциялық процестер, тақырыбы "Дизельдерде дәстүрлі емес отынды пайдалану мәселелері" Жүкенов Арыстан, ТОРА 18-9-1т., жетекшісі Базенова Д.С. - сырттай қатысып, сертификат алды.

Бетпе-бет-онлайн қатысу:

Секция 3. Тағдырлар тоғысуы: ел тарихындағы кіші отан, отбасы, білім беру мекемесінің тарихы. Луговой Андрей ТОРА 17-9-1т., "Кіші отан тарихы, ел тарихындағы білім беру мекемесі" тақырыбында сөз сөйледі, бұл жұмыс "Зерттеу жұмысындағы белсенді өмірлік ұстаным" номинациясы бойынша дипломмен марапатталды, жетекшілері колледж оқытушылары Байбаева М. В., Жанкаринова Ж. Т. болды.

Секция 4. Мен еріктімін: ерікті қозғалысқа қатысу арқылы жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы. "Қазақстандағы еріктілік. Ерікті қозғалысқа қатысу арқылы тұлғаны дамыту" тақырыбында Савинова София ЭМОП 19-9-1т. оқушысы сөз сөйледі., жетекшісі М.К. Баймағамбетова "Еріктілер қозғалысының нормативтік-құқықтық базасын үздік білу" номинациясы бойынша диплом алды.

Студенттердің жұмысын білікті қазылар алқасы бағалады, оның құрамына орта және жоғары білім беру мекемелерінің педагогикалық қоғамдастығының, кәсіптік білім мұражайының, Новосибирск қаласындағы жастар ұйымдарының жұмыс берушілерінің өкілдері кірді.

Новосібір өнеркәсіптік колледжінің әкімшілігі жоба жетекшілері мен колледж басшысы К. А. Каирбаевтың жұмысын жоғары бағалап, студенттердің зерттеу құзыреттіліктерін дамыту бойынша белсенді қатысқаны және жемісті жұмысы үшін алғыс білдірді.

 

 

http://pmk-kolledg.edu.kz/rus/uploads/010421-konkurs.jpg

Жаңалық қосты admin1, 26-03-2021, 14:00, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 274