«Павлодар машина жасау колледжі» ШЖҚ-дағы КМК оқудан шығарылған күндізгі және сырттан оқитын студенттерді қалпына келтіреді. Сұрауды pmk-kolledg.kz@mail.ru электронды поштасына жіберіңіз
Жаңалықты сұрыптау керек: күні байынша | танымалдығы бойынша | кіргені бойынша | пікірі бойынша | Әліппе бойынша
Жаңалық қосты admin, 19-12-2016, 14:26, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 919

2016 жылы 21 қараша мен 15 желтоқсан аралығында колледжде ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған іс-шаралар өткізілді.

21 қарашада «ҚР Конституциясы – мемлекеттің негізгі заңы» сынып сағатын өткіздік.

22 қарашада ТМ 15-9-1 тобы ҚР рәміздеріне арналған ашық іс-шара дайындады және өткізді.

 

23 қарашада ЛП 16-9-1 тобы «Мемлекеттік шекара» тақырыбында достық және қайырымды көршілер сабағын өткіздік.

25 қарашада «ҚР-дің Бірінші Президенті – ұлт көшбасшысының кітапханасы» тақырыбында ақпараттық сағат ұйымдастырдық.

27 қарашада ЛП 15-9-1 тобы «Халықтың бірлігі – ұлы игілік» тақырыбында фестиваль өткізді.

 

28 қарашада ЭЭЖ 16-11-1 тобы «Ұлттық валюта» теңгенің құрылу тарихын таныстырды.

29 қарашада ТОРА 16-11-1 тобында «Қазақстан ядролық қарусыз әлемді қолдайды» тақырыбында көнференция өткізілді.

30 қарашада «Ғылым мен жаңа технологиялар» тақырыбында Қазақстандағы ғылыми жетістіктерді таныстырдық.

30 желтоқсанда ТМ 15-9-1 тобын «Қазақстандағы президенттілік институты» интеллектуалдық ойынын өткізді.

2 желтоқсанда колледж психологы «Отбасы құндылықтары» тренингін ұйымдастырды.

3 желтоқсанда ЖК жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, флешмоб ұйымдастырды.

 

4 желтоқсанда ТОРА 16-9-1 тобы «Спорттағы жетістіктер» тақырыбында ақпараттық сағат дайындады және өткізді группа.

 

2016 жылы 9 желтоқсанда таңғы сағ. 8.30-да колледждің мәжіліс залында «Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз» атты бірегей тарих сабағын өткіздік. Шара барысында «1991 – 2016 жылдар аралығындағы Тәуелсіздік хронологиясы» слайдтары мен бейнефильмдер пайдаланылды. Сабаққа 1-2 курстардан 125 оқушы қатысты.

Колледждің фойесіне колледж тарихына, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдағы жетістігіне, әлеуметтік серіктестіктерге арналған «Болашағымыз – бірлікте!» стенді дайындалған. Сонымен қатар «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» тақырыбындағы 25 жұлдызды күндерді өткізу аясында күнделікті күнтізбе жүргізіледі.

сағ. 13.00-де колледждің мәжіліс залында оқушылар ҚР Тәуелсіздік жылдарында колледждің дамуына үлкен үлес қосқан педагогикалық еңбек ардагерлерін жылы қарсы алды. Кездесу сәтінде ардагер педагогтар оқушыларға өздерінің еңбек жолдарын айтып өтіп, олардың таңдаған мамандықтарын жақсы меңгеруге шақырды. Содан соң педагогикалық еңбек ардагерлерінің құрметіне мерекелік концерт, фотосессия мен шәй ішу ұйымдастырылды.

11 желтоқсанда ТОРА 16-9-1 тобы «ЭКСПО-ның жасыл технологиялары» таныстыруын дайындап өткізді.

13 желтоқсанда ТОРА  14-9-1 тобы «Мықты ел – мықты аймақ» тақырыбында Павлодар облысының ресми карточкасын дайындады.

14 желтоқсанда ЭЭЖ 13-9-1 тобы «Мәңгілік Ел» мәңгілік құндылықтар тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

 

15 желтоқсанда шараларды «Қазақстан – сүйікті елім, Қазақстан – Республикам менің» мерекелік бағдарламасымен аяқтадық. Оқуда үздік, спортта жақсы жетістіктерге қол жеткізген оқушылардың ата-аналары колледждің алғыс хаттарымен марапатталды.