"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 23-05-2016, 11:06, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1048
2016 жылғы 19-21 мамыр аралығында ПМПИ-де  өткен  Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры профессор Т.) Шаяхметовті еске алуға арналған ЖОО студенттері арасында бокстан VIII дәстүрлі ашық турнирінде "Үздік төреші" атағына  ұстаз Сенкебаев Т.К. ие болды.

Жаңалық қосты admin1, 10-05-2016, 12:09, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1053

Жеңіс күнін мерекелеу аясында колледж бойынша келесі іс-шаралар жоспарланды және өткізілді:

2016 жылы 24 сәуірде республикалық «Патриот» акциясы аясында өткізілген облыстық «Жеңіс туы» әскери-патриоттық эстафетасының ашылуына арналған шеруге қатыстық.

3 мамырда Павлодар қ. Әскери даңқ мұражайына саяхат ұйымдастырылды.

4  мамырда әскери-ұлтжандылық әндер мен сап түзеу байқауын өткіздік.

5 мамырда «Даңқты ерлер отаны» тақырыбында сынып сағатын өткіздік.

6  мамырда Отан қорғаушылар мен Жеңіс күніне арналған «Біздің есімізде мәңгілік сақталады!» мерекелік концерті өткізілді.