КГП на ПХВ "Павлодарский машиностроительный колледж" проводит профориентационную работу для поступления в колледж среди учащихся 9-11-х классов школ области по специальностям колледжа: Технология машиностроения, эксплуатация и техническое обслуживание машин и оборудования, литейное производство, техническое обслуживание, ремонт и эксплуатация электромеханического оборудования (на государственном языке обучения), техническое обслуживание, ремонт и эксплуатация автомобильного транспорта. Бесплатное обучение, стипендия и гарантированное трудоустройство выпускников на промышленные предприятия региона. Срок обучения: 2 года 10 месяцев. Контактные телефоны: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Новость добавил admin1, 12-12-2012, 10:24, оставлено комментариев: 0, просмотров: 2334

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық Партиясының

Павлодар қалалық филиалына қарасты

ҚМКК «Павлодар машина жасау колледжінің»

«Нұр Отан» ХДП-ның бастапқы партия ұйымы

27 января 2014 года в актовом зале КГКП «Павлодарский машиностроительный колледж» состоялось партийное собрание по обсуждению послания Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева «Казахстанский путь – 2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее». В прцессе обсуждения были рассмотрены следующие вопросы: «7 главных социальных проектов», «7 стратегических шагов по развитию экономики», «10 сенсации послания - 2014», «7 стратегических шагов социального развития».

ҚМКК «Павлодар машина жасау колледжінің» «Нұр Отан» ХДП-ның бастапқы партиясы 2007 жылы құрылды. Партия ұйымының төрағасы болып колледждің қоғамдық пәндер оқытушысы Барақбаев Серік Төлекұлы, орынбасары лауазымына қоғамдық пәндер оқытушысы Шушпаева Бахытгүл Шаухватқызы, хатшылық қызметке Какенова Жанна Нұрланқызы сайланды. Акишева Фарида Мақсұтқызы «Нұр Отан» ХДП-ның Павлодар қалалық филиалының бақылау-тексеру комиссиясының төрайымы. Партия ұйымының қатарында колледждің 40 мүшесі бар. Колледжде бастапқы партия ұйымы құрылған уақыттан бастап, партия мүшелері жыл сайын колледжішілік («Қазақстан Республикасының жыл сайынғы жолдауына» арналған «дөңгелек үстел» өткізу, наурыз айындадәстүрлі мерекелер: 8-ші наурыз Халықаралық әйелдер күні, 22-ші наурыз «жаңа жыл - әз наурыз!» мерекелерін өткізу, сәуір айындақалалық «Нұр Отан» ХДП төрағасының орынбасары А. Ешмұратов және облыстық «Жас Отан» ұйымының төрағасы С. Шалабаевтың қатысуымен ҚМКК «Павлодар машина жасау колледжінде» болатын кезектен тыс жиналысын өткізу, мамыр айында дәстүрлі мерекелер: 7-ші мамыр Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері күніне, 9-шы мамыр Ұлы Жеңістің 68 - жылдығына арналған мерекелік іс-шараларын өткізу, маусым айында өткізілген іс-шаралар мен кездесулерге талдау жасау, қыркүйек айында Білім күніне арналған мерекелік іс-шаралар, кездесулер өткізу, қазан айында колледж ішілік іс-шаралар, конференциялар өткізу, қараша айында ҚМКК «Павлодар машина жасау колледжіндегі» «Нұр Отан» ХДП бастапқы ұйымының жиналысын өткізу, желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шаралар, конференциялар өткізу т.б.) және «Нұр Отан» ХДП-ның қалалық және облыстық филиалдары ұйымдастырған барлық деңгейдегі іс-шараларға белсенді түрде ат салысады.

«Нұр Отан» ХДП-ның қалалық бөлімінің жетекші мамандарымен колледжімізде кездесу кештерін ұйымдастыру дәстүрге айналған. Атап айтқанда «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының бұрынғы: төрағасы (қазіргі «Нұр Отан» облыстық ХДП төрағасының орынбасары, облыстық депутат) В.А. Берковскиймен, төраға орынбасары, қалалық депутат А. Алиақбаровпен және «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Р. Рахимжановпен, қазіргі: «Нұр Отан» қалалық ХДП төрағасының орынбасары,қалалық депутат А. Ешмұратовпен, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы, қалалық депутат С. Шалабаевпен және қалалық депутат А.И. Винерцевпен бірнеше рет кездесулер өткізіліп, 2008 жылы бұрынғы «Нұр Отан» қалалық ХДП төрағасының орынбасары, қалалық депутат А. Алиақбаров колледждегі партия ұйымының төрағасы С.Т. Барақбаев пен Б.Ш. Шушпаеваны «Алаш партиясының 90-жылдығына» арналған құрмет грамотасымен, 2010 жылы 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай өткізілген іс-шараға қатысып, колледждің белсенді студенттерін Мақтау қағаздарымен марапаттады. 2010 жылы Павлодар облыстық «Нұр Отан» ХДП-ның төрағасы А. Вербняк бастапқы партия ұйымының төрағасы С.Т. Барақбаевты, партия мүшесі Ф.М. Акишеваны «Нұр Отан» ХДП-ның 10-жылдығына арналған Алғыс хатпен, 2011 жылы қазан айында Павлодар қалалық «Нұр Отан» ХДП филиалы төрағасының бірінші орынбасары А. Ешмұратов бастапқы партия ұйымының төрағасы С.Т. Барақбаевты, колледж директоры, партия мүшесі Қ.А. Қаирбаевты, партия мүшелері Ф.М. Акишев мен Б.Ш. Шушпаеваны «Нұр Отан» ХДП-ның бағдарламалық мақсаттарын жүзеге асыруға мол үлес қосқаны үшін және Тәуелсіздіктің 20-жылдығына орай Алғыс хатпен марапаттады. Бұл Алғыс хаттарды қалалық депутат, партия мүшесі А.И. Винерцев колледжде өткізілген «Мұғалімдер күні» іс-шарасына қатысып, табыстады.  

Бастапқы партия ұйымының төрағасы С.Т. Барақбаев пен партия мүшесі Ф.М. Акишева «Нұр Отан» ХДП Павлодар қалалық филиалы өткізген VІІ-ші (2010ж. 30 желтоқсан), ІХ-шы (2011ж. 18 қаңтар), ХІ-ші (2011ж. 6 желтоқсан), ХІІ-ші (2012ж. 20 қараша) кезектен тыс және есеп беру-сайлау конференцияларына делегат болып қатысты. Партия ұйымының төрағасы С.Т. Барақбаев бірнеше рет қалалық «Нұр Отан» ХДП-ның жиналыстарында есептік комиссияның мүшесі болды, Ф.М. Акишева қаллық «Нұр Отан» ХДП-ның ХІІ-ші есеп беру-сайлау конференциясында бақылау-тексеру комиссиясының төрайымы есебінде есеп беріп, сөз сөйледі.

Алдағы уақыттарда колледждің басқа да қызметкерлері өз тараптарынан белсенділік танытып, еліміздің, «Нұр Отан» ХДП-ның қоғамдық-саяси өміріне ат салысып партияның құрметті мүшесі болатындығына сеніміміз мол.  

Павлодар облыстық және қалалық «Нұр Отан» ХДП филиалдарының Алғыс хаттарымен және Құрмет грамоталарымен марапатталғандар:

Барақбаев Серік Төлекұлы

(ҚМКК «Павлодар машина жасау колледжінің»

«Нұр Отан» ХДП-ның бастапқы партия ұйымының төрағасы)

2008жылы қалалық «Нұр Отан» ХДП филиалының  «Алаш партиясының 90-жылдығына арналған ғылыми танымдық конференцияны дайындап, белсенділік танытқаны үшін» Құрмет грамотасымен;
2010 жылы Павлодар облыстық «Нұр Отан» ХДП филиалының «Нұр Отан» ХДП-ның 10-жылдығына орай Алғыс хатпен;
2011 жылы қалалық «Нұр Отан» ХДП филиалының «Нұр Отан» ХДП-ның бағдарламалық мақсаттарын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін және Тәуелсіздіктің 20-жылдығына орай Алғыс хатпен марапатталды.

Қаирбаев Қайрат Айткенұлы

(колледж директоры және партия мүшесі)

2011 жылы қалалық «Нұр Отан» ХДП филиалының «Нұр Отан» ХДП-ның бағдарламалық мақсаттарын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін және Тәуелсіздіктің 20-жылдығына орай Алғыс хатпен марапатталды.

Акишева Фарида Мақсұтқызы

(директордың ТЖ жөніндегі орынбасары,

«Нұр Отан» ХДП-ның Павлодар қалалық филиалының

бақылау-тексеру комиссиясының төрайымы)

2010 жылы Павлодар облыстық «Нұр Отан» ХДП филиалының «Нұр Отан» ХДП-ның 10-жылдығына орай Алғыс хатпен;
2011 жылы қалалық «Нұр Отан» ХДП филиалының «Нұр Отан» ХДП-ның бағдарламалық мақсаттарын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін және Тәуелсіздіктің 20-жылдығына орай Алғыс хатпен марапатталды.

Шушпаева Бахытгүл Шаухватқызы

(колледждің сырттай оқу бөлімінің меңгерушісі,

бастапқы партия ұйымының төраға орынбасары)

2008жылы қалалық «Нұр Отан» ХДП филиалының  «Алаш партиясының 90-жылдығына арналған ғылыми танымдық конференцияны дайындап, белсенділік танытқаны үшін» Құрмет грамотасымен;
2011 жылы қалалық «Нұр Отан» ХДП филиалының «Нұр Отан» ХДП-ның бағдарламалық мақсаттарын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін және Тәуелсіздіктің 20-жылдығына орай Алғыс хатпен марапатталды.

Фотолар:

«Астана» мұз айдыны орталығында Павлодар облыстық және қалалық «Нұр Отан» ХДП филиалдарының Тәуелсіздіктің 20-жылдығына орай өткізген іс-шарасына  колледждің белсенділерінің қатысуы

alt alt

Колледж белсенділерінің Конституция күніне арналған іс-шараға қатысуы

alt

Колледждегі партия мүшелерінің Ч.Ж. Зайкеновпен кездесіп, партия ісін дамытуға өз ұсыныстарын білдіруі

alt alt 

Рәміздер күніне арналған іс-шараға колледж оқытушылары мен белсенділерінің қатысуы

alt

«Жас Отан» жастар қанатының бұрынғы төрағасы

Р. Рахимжановпен кездесу

alt

«Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының бұрынғы: төраға орынбасары, қалалық депутат А. Алиақбаровпен кездесу

және белсенді студенттерді марапаттауы

alt alt

«Нұр Отан» облыстық ХДП төрағасының орынбасары, облыстық депутат

 В.А. Берковскиймен кездесу

alt

«Нұр Отан» жастар қанатының есептік-сайлау конференциясына колледждің бесленді студенттері мен «Нұр Отан» бастапқы ұйымының төрағасы С.Т. Барақбаевтың қатысуы

alt

Новость добавил admin1, 5-12-2012, 15:02, оставлено комментариев: 0, просмотров: 1516