«Павлодар машина жасау колледжі» ШЖҚ-дағы КМК оқудан шығарылған күндізгі және сырттан оқитын студенттерді қалпына келтіреді. Сұрауды pmk-kolledg.kz@mail.ru электронды поштасына жіберіңіз
Жаңалықты сұрыптау керек: күні байынша | танымалдығы бойынша | кіргені бойынша | пікірі бойынша | Әліппе бойынша
Жаңалық қосты admin, 13-04-2016, 11:53, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 808

2016 жылы 13 сәуірде ҚР Тәуелсіздігінің 25 – жылдығын мерекелеу аясында, ұлтжандылық сезімге тәрбиелеуге жағдай жасау және қазақ халқының мәдениеті мен тарихи мұрасын құрметтеу әрі қызығушылық таныттыру мақсатында «Менің Қазақстаным – менің болашағым» атты конференция өткізілді. Конференцияны ТМ 14-9-1 тобының сынып жетекшісі Г.Қ. Ахметова ұйымдастырды.

 

«Бейбітшілік және келісім – Қазақстанның таңдауы» тақырыбымен Жүнісова Саида, «Қазақстанның мәдени мұрасы» тақырыбымен Хамитова Жұлдыз, «Мемлекеттік рәміздер – халықтың мақтанышы» тақырыбымен Сәдуақасова Әсем, «Менің Қазақстаным, астанам менің болашағым» тақырыбымен Бойченко Полина, «Ұлттық валюта – бәсекеге қабілетті Қазақстанның басты белгісі» тақырыбымен Қаирханов Әсет баяндамамен сөз сөйледі. Баяндамашылар Қазақстанда бір шаңырақ астында бейбітшілік пен келісімшілікте жүзден астам ұлттар мен ұлыстар өмір сүріп жатқандығын, оларды ортақ – Біз Қазақстан халқы біріктіретінімізді айтып өтті. Конференция соңында қатысушылар грамоталармен марапатталды.

Жаңалық қосты admin, 6-04-2016, 11:54, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 705

2016 жылы 6 сәуірде КМҚК «Павлодар машина жасау колледжінің» бірінші курс оқушыларының қатысуымен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауына арналған «Мәңгілік ел, біздің беделді және ұлы Қазақстан» ұлтжандылық акция-концерті болып өтті. Бұл шара студенттерді қазақстандық ұлтжандылыққа, азаматтылыққа, толеранттылыққа тәрбиелеуге, Отанымызды мақтан тұтуға, ой-өрісті кеңейтуге бағытталған.

 

Акцияға шақырылған қонақтардың: «Құқық» үйірмесінің жетекшісі Б.Ш. Шушпаева мен колледждегі «Жас Отан» ЖҚ жетекшісі Н. Қапашевтің сөз сөйлеуі.